АСТРИД ЛИНДГРЕН: ИНСАЙТ

«Бір күні мен пастордың әйелін кездестірдім, ол жас шағында, бірінші баласын босанған кезде, балаларды таяқпен жазалау кең таралған болса да, ұрып-соғу арқылы тәрбиелеуге  сенбейтіндігін айтты.

Бірақ бір рет, ұлы 4-5 жаста болғанда, оның жасаған тентектігі соншалықты зор болып, пастордың әйелі өзінің принциптеріне қарамастан, өмірінде бірінші рет ұлына дүре соғуға шешім қабылдайды. Ол баласын “сені жазалайтын шыбықты өзің тауып кел” деп аулаға жібереді. Баласы ұзақ уақыт жоқ болып, кейін көз жасы ағылып қайтып келеді. Ол жылап тұрып: «Апа, мен таяқ таппадым, бірақ, міне, тас таптым, маған лақтырсаң болады», — дейді.

Осы кезде анасы бұл жағдайға бала көзімен қарап, қалай көрінетінін көз алдына елестетіп, бірден бәрін түсінеді: егер анам мені ұрғысы келсе, оны қалай істегені маңызды емес, таспен де ұрса болады. Анасы ұлын алдына алып, құшақтап, екеуі бірге отырып жылай бастайды. Пастордың әйелі жәбірлеп тәрбиелеу жақсы шешім емес екенін еске салып тұру үшін тасты ас үй сөресіне қояды».

Астрид Линдгрен бұл сөзін «Бейбітшілік сыйлығын» алу рәсімінде айтқан еді.

489
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *