Дерек жинау: адамның өтірік айтып тұрғанын қалай анықтауға болады?

«Бомбора» баспасынан Эви Пумпурастың «Кемшіліксіз бол» кітабы жарық көрді. Онда кезінде АҚШ құпия қызметінің агенті болған автор қиын жағдайларға әрқашан қалай дайын болу туралы ұсыныстарымен бөліседі.

Біз сұхбаттасыңыздың өтірігін тануға көмектесетін басты әдістер туралы жазылған кітаптың «Бәрі өтірік» деп аталатын оныншы тарауынан үзінді жариялаймыз.

Адамдар неге өтірік айтады?

Біріншіден, барлығы өтірік айтады дегім келеді. Абсолютті түрде барлығы. Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, орташа адам күніне бір немесе екі рет өтірік айтады. Басқа деректерге қарағанда, қысқа әңгіме кезінде адамдар он ретке дейін өтірік айтады.

Көбінесе өтірік айтуға біздің күшті себептеріміз бар. Біз мейірімділік көрсету мақсатымен жалған сөйлейміз. Ұялғаннан немесе қорқаннан өтірік айтамыз. Біз өз пайдамыз үшін өтірік айтамыз. Немесе — ақпаратты жасыру немесе бұрмалау үшін. Кейде жай ғана көңіліміз қалағандықтан да өтірік айтамыз.

Адамдар, әрине, көбінесе жеке пайдасы үшін өтірік айтқанымен, сонымен қатар көпшілігі мұны психологиялық себептермен — бет-әлпетін сақтап қалып, масқара болмау үшін жасайды. Өтірік бізге өмірге жеңіл қарауға, сезімдерімізді қорғауға көмектеседі. Сіз кенеттен тым көп сөйлегеніңізді түсініп, өкінген жағдайларыңыз болды ма? Мұның себебі сіз өзіңізді шабуылға ұшырағандай және тым осал болып қалғандай сезінесіз.

— Қалайсыз?

— Жақсы, ал сен ше?

Бірақ шын мәнінде, сіз серіктесіңізбен болып жатқан жанжалдың ортасындасыз және сіз өзіңізді мүлдем жақсы сезінбейсіз. Басқалармен шектеулі ақпарат көлемін ғана бөлісуге тырысып, ұстамды және жабық болу бұл қалыпты жағдай.

Ұзақ уақыт бойы эмоцияларды тану саласындағы әлемдегі ең алдыңғы қатарлы сарапшы ретінде танылған профессор Пол Экман 509 адамның қайсысы өтірікшілерді жақсы әшкерелейтінін анықтау үшін зерттеу жүргізеді. Оның жұмысы «Алдашы мені» (Lie to Me) телехикаясының негізіне алынған. Зерттеуге полиция қызметкерлері, федерал агенттері, сот қызметкерлері, психиатрлар, тонау бойынша мамандар, колледж студенттері және ЦРУ, ФБР және АНБ кәсіби полиграфологтары қатысқан.

Нәтижесінде, Экман өтірікті анықтауда сарапшы болып саналатын мамандардың тапсырманы орындауда қарапайым адамдардан артық емес, кейде одан да нашар екенін анықтады.

Мүмкін, сарапшылар барлық адамдар өтірік айтады деген ойға тіптен әдеттеніп алған шығар. Өтірікшілерді анықтауда және вербалды емес белгілерді оқуда тұрақты жоғары ұпай жинаған жалғыз топ Құпия қызмет агенттері болды.

Біз бұл дағдыны дамытуға табанды жаттығулар, сондай-ақ үлкен тобырдағы ықтимал қауіпті іздеу жағдайында жоғары қырағылық пен бақылауға дағдыланғанымыз арқылы жеттік.  Біз адам мінез-құлқын үнемі сканерлеуге және бағалауға үйренгенбіз.

Сондай-ақ зерттеу көрсеткендей, адамға жақындарымен сөйлескенде өтірік айтуды тану мүлдем бейтаныс адамдармен салыстырғанда қиынырақ екен. Бұл адамдарға олардың жанында сезінетін сезімдер негізінде баға беруімізге байланысты болуы мүмкін. Біздің қабылдау қасиетіміз соншалықты бұрмаланып,  басқаларды анық көру немесе олардың әрекеттерін объективті түрде бағалау мүмкіндігін жоғалтуымыз мүмкін.

Мысалы, күйеуі әйелін жай ғана мінезі нашар деп ойлап, оның эмоционалды және вербалды манипуляцияға бейімділігін елемеуі мүмкін.

Жақын адамдарымызды «Е, ол баяғыдан сондай» немесе «Оның сыры ішінде» деп ақтап шығамыз. Тек кейіннен, біздің серігіміз бізді алдап-арбағанын түсінген кезде, біз оларды шынайы түрде көре бастаймыз. Өтірікті тану үшін сіз өзіңізді және эмоцияларыңызды жалпы теңдеуден алып тастауыңыз керек.

Қорытындылай келе, адамның қашан өтірік айтып, ал қай кезде шындықты айтып жатқанын түсіну үшін криминалист дипломының болуы немесе тәжірибелі полиграфолог болудың қажеті жоқ екенін атап өткім келеді. Сізге тек ішкі түйсіктерді тыңдап, бірнеше маңызды әдістерді үйрену керек.

Жалғасы бар

561
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *