Адам зиялы болуы керек!

– Көпшілік: адам зиялы болуы керек дейді. Оған қоса: зиялы адам – көп оқыған, жақсы білім алған (тіпті көбінесе гуманитарлық), көп саяхаттаған, бірнеше тіл білетін адам, – деп ойлайды.

Дегенмен, мұның бәрі бола тұрып адам зиялы болмауы мүмкін, немесе  белгілі дәрежеде осы қасиеттер болмаса да, адам іштей зиялы бола алады.

Зиялылық тек білімде емес, ол басқаны түсіне білу қабілетінде жатыр. Ол мыңдаған ұсақ-түйектерден көрінеді: сыйластықпен пікірталаса білу, дастархан басында өзін кішіпейіл ұстау, басқаға байқатпай (ең бастысы байқатпай) көмектесу, табиғатты қорғау, айналаға қоқыс тастамау — темекі тұқылымен немесе балағат сөздермен айналаны ластау ғана емес, сонымен қатар жаман ойлармен де (иә, бұл да қоқыс, нағыз қоқыс!) ластамаған жөн.

Мен Ресейдің солтүстігінде тұратын шаруаларды білетінмін, олар шынында да зиялы еді. Олар үйлерін таңғажайып тазалықты ұстады, жақсы әндерді бағалай білді, «өткенді» (яғни өздерінің немесе басқалардың басынан өткен оқиғаларды) көркем тілмен айта білді, тәртіпті өмір салтын ұстанды, қонақжай және мейірімді болды, өзгенің қайғысына да, біреудің қуанышына да түсіністікпен қарады.

Зиялылық – түсіну, қабылдау қабілеті, бұл әлемге және адамдарға төзімді қатынаста болу дегенді білдіреді.

Д.С. Лихачев «Жақсылық мен әдемілік туралы хаттар» кітабынан үзінді.

599
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *