Өзгермейтін 150

Өзгермейтін 150: Данбар саны цифрлық дәуірде маңызды ма?

Ғалымдар Facebook пен LinkedIn-дегі осы адамдардың барлығын адами қарым-қатынастың бір бөлігі деп санауға бола ма деген пікірталас бастады.

• Адамның қанша досы болуы мүмкін?

1993 жылы жүргізген зерттеуінде британдық антрополог Робин Данбар адамдардың 150-ден көп мағыналы қарым-қатынасы болуы мүмкін емес деген болжам жасады — бұл көрсеткіш Данбар саны деп аталады.

Бірақ жақында Стокгольм университетінің зерттеушілері бұл көрсеткішке күмән келтіретін мақала жариялады. Мақала авторлары егер адамдар жігерленіп күш салатын болса, олардың достарының саны одан да көп болуы мүмкін екендігіне сенімді.

Зерттеу авторы және Стокгольм университетінің профессоры Йохан Линд: «Біз Пи санының мыңдаған цифрларын жаттап ала аламыз, ал егер біз қаншама көп адамдармен сөйлессек, соншама көп жұртпен қарым-қатынас орната аламыз», — дейді. Мақала Biology Letters журналында жарияланған.

Маймылдар мен приматтарды зерттей отырып, доктор Данбар өзінің бастапқы зерттеулерінде олардың неокортексінің (саналы ойлауға жауап беретін ми бөлігінің) мөлшері олар өмір сүретін топтың мөлшерімен сәйкес келетінін анықтады. Адамдарда неокортекс бұдан да үлкен, Данбар олардың идеалды тобының мөлшері орта есеппен 150 екенін есептеп шықты.

Жаңа зерттеуде доктор Линд пен оның зерттеу тобы жаңартылған деректер жинақтары мен статистикалық әдістерді пайдалана отырып, неокортекстің өлшемі адамдар сақтай алатын байланыстардың санын шектемейтінін анықтады. Данбар саны «біраз уақыттан бері сынға ұшырауда» дейді ол. Линдтың тобы кез келген дәлдікпен достық қарым-қатынастың максималды санын орнату мүмкін емес екеніне сенімді.

Оксфорд университетінің эволюциялық психология профессоры доктор Данбар өз зерттеулерін қорғап, сөз сөйледі. Жаңа талдау, оның айтуынша, «бос сөз, барып тұрған бос сөз». Ол Стокгольм университетінің зерттеушілері қате статистикалық талдау жасап, өз жұмысының қыр-сырын да, адамдық байланыстарды да дұрыс түсінбегеніне сенімді. «Мен олардың қарым-қатынасты түсінуге қабілетсіздігіне таң қалдым».

Доктор Данбардың пікірнше мәні бар қарым-қатынастарға әуежай залында кездейсоқ көріскен кезде қысылмай амандасатын жақсы таныс адамдарды апаруға болады деп санайды. Оның айтуынша, бұл сан әдетте 100-ден 250-ге дейін, орташа есеппен 150-ге жуық.

Туған кезде бұл шеңбер бір немесе екі адамнан басталады. Достық қарым-қатынастырдың шыңы жасөспірім кезеңінің соңы мен 20 жастан сәл асқан кезге келеді. 30 жасқа қарай адамдар әдетте 150-ге жуық байланысқа ие болады және бұл сан 60-70 жасқа дейін өзгеріссіз қалады. Содан кейін, доктор Данбардың айтуынша, байланыстар саны «төмендей бастайды». «Егер сіз ұзақ өмір сүрсеңіз, сіз бір-екі жақын қарым-қатынасқа ораласыз».

«Бір адамға қанша дос керек?» кітабында Данбар өз зерттеулерін қолдайтын тарихи және заманауи мысалдар келтіреді. Біздің эрамызға дейінгі 6000 жж. Таяу Шығыстың неолиттік ауылдарының мөлшері тұрғын үйлердің санына қарай 120-дан 150 адамға дейін болды. 1086 жылы Қиямет күні кітабына енгізілген ағылшындардың ауылдарының көпшілігінің орташа мөлшері 160 болды. Донбардың мәліметі бойынша, қазіргі заманғы армияларда жауынгерлік бөлімшелерде орта есеппен 130-дан 150-ге дейін адам бар.

2007 жылы Швецияның Салық агенттігі қайта құрылымдалған кезде, агенттіктің стратегі доктор Данбардың зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, әрбір жаңа кеңседе 100-ден 150-ге дейін қызметкер болуы керек деген ұсыныс жасады. Қайта құрылымдауға онсыз да наразы болған қызметкерлер жоспар туралы біліп, бізді маймылдармен салыстырды деп шағымданған. Осы жоспарларға қатысты үш шенеуніктің айтуынша, Данбар саны агенттікті қайта құрылымдауда ешқандай рөл атқармаған болып шықты.

Канададағы Летбридж университетінің психология профессоры Луиза Барреттің айтуынша, өзіңізді қоршауға болатын адамдардың оңтайлы саны бар деген ой сізді  жұбатады, алайда барлығына қатысты бір ғана ереже жоқ. «Адам өмірі негізінде күрделі», — дейді ол.

Жаңа зерттеуге қатыспаған және бұрын доктор Данбардың шәкірті болған биологиялық антрополог Барретт талдаудың сенімді болып көрінетіні туралы айтты. «Осы жаңа деректер негізінде өзіміздің түсіндірмелеріміз бен гипотезамызды қайта қарастырып, түзетуіміз керек», — дейді ол.

Пандемиядан кейін қандай достық қарым-қатынастарды қалпына келтіргіміз келетінін қайта ойластыру және коронавирустан кейінгі жұмыс кеңістігін талқылау аясында әртүрлі пікірталастар туындайды.

Доктор Данбар өзінің теориясын ондаған жылдар бұрын, ғаламтордың басында және әлеуметтік медиа адамдардың қарым-қатынас әдісін өзгерткенге дейін тұжырымдаған. Колумбия бизнес мектебінің профессоры Анджела Ли: «Егер біз әлі де Rolodex картотекасы мен адамдармен жүргізілген әңгімеге сенетін, болсақ, бұл санның мағынасы бар болар еді, бірақ біз қазір басқа әлемде өмір сүреміз ғой», — дейді.

LinkedIn сияқты желілік құралдардың көмегімен біз сақтай алатын байланыстар саны өсті және бұның өз маңызы бар, өйткені зерттеулерге сәйкес, біздің желілеріміздің шеткі жағындағы адамдар мансаптық өсу немесе шығармашылық идеяларды қалыптастыру үшін жиі пайдалы болады.

Доктор Данбар оның теориясы қазіргі гиперсілтемелер әлемінде де өміршең екенін айтады, өйткені әлеуметтік медиа байланысының сапасы көбінесе нашар. «Бұл жеке қарым-қатынас емес», — дейді ол.

Пандемия жұмыста да, әлеуметтік өмірде де мағыналы байланыстарды қалпына келтіруге қалай әсер етеді?

Бұл туралы айту әлі ерте шығар, бірақ Данбардың болжамынша, желілер қарт адамдарға ең көп әсер етеді. «Олардың достық шеңберлері қазірдің өзінде тарылып жатыр және бұл оларды берілген траекториямен әрі қарай төмен итермелейді», — дейді ол.

Данбар өзінің 150-ге жуық досы бар екенін айтты, бірақ оның айтуынша, ол өзін талдамауға тырысады.

«Ол туралы ойлайтын адамдардың көпшілігі үшін олардың әлеуметтік желісі осылай ұйымдастырылатыны анық болады», — деп атап көрсетеді ол. Ғалым Данбар саны өзгеріссіз қалатынына сенімді.

Дереккөзі: https://www.nytimes.com/2021/05/11/science/dunbars-number-debunked.html

562
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *