Кемеңгерлер тәртібі

Кемеңгерлер тәртібі: өнімді күннің 7 ережесі

Керемет суретшілер, данышпан ғалымдар мен жазушылар өз жұмыс кестесін қалай құрғаны туралы бірер сөз.

Мейсон Карридің «Кемеңгердің күн тәртібі» кітабында ұлы шығармашыл адамдардың күнделікті өмірінің негізгі ережелері берілген. Біз сіздерге солардың бірнешеуін ұсынамыз.

1. Сізді ештеңе де алаңдатпайтын жұмыс істейтін орныңыз болсын.

Джейн Остин кітап жазып жатқан бөлмесіне біреу келгенін білу үшін есіктің сықырлаған топсасын майламауды өтінген.

Грэм Грин мекен-жайы мен телефон нөмірін тек әйелі ғана білетін құпия кеңсені жалға алған.

2. Күн сайын жаяу серуендеңіз.

Чарльз Диккенс күн сайын үш сағат жаяу жүрген және серуен кезінде жасаған бақылаулары тікелей кітаптарының беттеріне түскен.

Чайковский тура екі сағат жаяу жүруді ережеге айналдырған: егер өзін-өзі алдап, кем уақыт серуендесе, ауырып қалатынына сенімді болған.

3. Ереже бойынша есеп беру.

Энтони Троллоп күніне үш сағат қана жазған, бірақ өзінен белгілі бір ырғақты сақтауды талап ететін, мысалы, 15 минутта 250 сөз дегендей. Ал егер үш сағат өтпей жатып бір кітапты бітірсе, бірден келесісін жаза бастаған.

4. Маңызды нәрселер мен күнделікті істердің арасына нақты шекара қою. Көптеген данышпандар күнді нақты жұмысқа (таңертеңгі уақытта жазу немесе сурет салу) және күнделікті істерге (түстен кейін хаттарға жауап беру) деп бөлген. Басқалары нақты жұмыс жақсы жүрмегенде, күнделікті істерге көңіл аударған.

5. Тұйыққа тірелмей, жігер бар кезде тоқтай білу.

Хемингуэй күш-қуаты бар сәтке дейін және әрі қарай не болатынын білгенге дейін жазатынын, сосын кенет жұмысын тоқтатып, келесі күнге дейін, қайтадан жұмыс істей бастағанша өмір сүруге тырысатынын айтқан.

Артур Миллер “ыдысты толығымен құрғатуға болмайды” деп, баспа машинкасынан әлі айтар сөзі бар кезде тұрып кететін болған.

6. Сізге қолдау көрсететін серіктестің болуы.

Фрейдтің жұбайы күйеуіне жақсы қараған. Оның жағдайын жасап, тіпті тіс пастасын да щеткаға сығып беретін болған екен.

Энди Уорхол өзінің құрбысы мен хатшысы Пэт Хаккетке он жыл бойы күн сайын таңертең қоңырау шалып, өткен күннің оқиғаларын егжей-тегжейлі айтып берген. Мұндай әңгімелер екі сағатқа дейін созылатын болған.

7. Араласатын шеңбердің шектеулі болуы.

Марсель Пруст қоғамнан алшақтау туралы саналы шешім қабылдаған. Симон де Бовуар кештерге, қабылдауларға бармай, буржуазиялық құндылықтарды жоққа шығарған; оның бар өмірі жұмыс істеуге арналды.

Түпнұсқасы: https://hbr.org/2014/03/the-daily-routines-of-geniuses

624
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *