Балаңыз қалай үйренеді?

Ақпаратты балаңыз қалай үйренеді, қабылдайды? Тексеріп көрдіңіз бе? Мән бердіңіз бе?

Ән айтамыз ба, билейміз бе, сурет саламыз ба? Сіздің балаңыз осының бәрін қалай үйренеді, қалай қабылдайды, қабылдаудың қандай түрі бар?

1 жастан 3 жасқа дейін нәрестелер тәуелсіз болады, бірте-бірте олар дамудың ойын кезеңіне көшеді. Бұл — тұлға қалыптасуы үшін ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде балалардың есту қабілеті, моторикасын және көру қабілетін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу қажет.

Жеке көзқарас

Адамдар аудиал, кинестетик және визуал болып бөлінеді.

Аудиалдар

Оларда қабылдаудың жетекші арнасы – есту қабілеті. Мұндай балалардың сөйлеу дағдылары тез дамиды, олардың сөздік қоры оңай толығады, ата-анасы оқып берген ертегілерді бар зейінін қойып тыңдайды. Шығармашылық дамуда есту қабілеті бар балаларға ән айтуды, өлең оқуды және актерлік өнерді меңгеру оңайырақ болады.

Кинестетиктер

Олар сыртқы әлемнен ақпаратты жанасу, сезім және қозғалыс арқылы қабылдайды. Ондай балалар ұнатпайтын адамды ешқашан жанына жолатпайды, керісінше, өзі жақсы көретін, ерекшеленетін адамдарға тартылып тұрады. Олар анасының жемпірін немесе сүйікті әпкесінің көйлегін құшақтай алады. Кинестетиктер шығармашылығы биде, қолөнерде (балшықтан, пластилиннен модельдеу), сурет салуда (мысалы, саусақ бояуларымен) жақсы көрінеді.

Визуалдар

Бұл ақпараттың көп бөлігін көру арқылы алатын адамдар. Олар көп, яғни адамдардың көп бөлігі визуал деп есептелінеді. Визуал балалар мектепке дейін ерте жаза бастайды және еркін оқиды. Мұндай балалардың көрнекі есте сақтау қабілеті жақсы, олар әрқашан ойыншықтарының қайда екенін есте сақтайды және біледі. Түрлі көрнекі құралдарды, иллюстрацияларды, түрлі-түсті қарындаштарды және фломастерлерді қолданатын сабақтар мұндай баланың қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Визуал бала үшін өзін-өзі көрсету тәсілі ретінде сурет салу — бұл нағыз рахат!

Тәрбиешіге арналған ережелер

Баланы үйрету кезінде сіз бірнеше ережелерді сақтауыңыз керек.

Баланың қоршаған ортасын үнемі жаңа қызықты ақпаратпен байытуға тырысыңыз: әртүрлі пішіндер мен түстердегі заттар, әртүрлі дыбыстар, жаңа ойындар мен тапсырмалар ұсыныңыз.

Балалармен белгілі бір уақытта жұмыс жасаңыз және оны күнделікті ұстануға тырысыңыз, осылайша бұл процесс күнделікті өмірде өзіндік дәстүр мен нормаға айналады.

Кішкентайыңызды тіпті кішкентай жетістіктері үшін мақтаңыз және сәтсіздікке ұшыраған кезде оны қолдаңыз.

Сәтсіздіктер, еркеліктер кезінде баланың өзін емес, оның мінез-құлқын сынаңыз. «Сен неткен ебедейсің!» деп айтпаңыз. Оның орнына «Бұл жолы жақсы шықпады, басқаша жасап көрейік» деуге болады.

Әрекеттеріңізді, сабақтарыңызды уақыт өткен сайын жаңартып тұрыңыз. Мысалы, «бүгін біз фломастермен емес, қарындаштармен сурет саламыз». Жаттығуларыңыздың бәрі ойын түріндк болуы керек екенін ұмытпаңыз, өйткені тек ойын ғана баланы ұзақ уақыт қызықтыра алады.

916
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *