Психологтың кеңесі: күйзеліс пен мазасыздықты жеңу жолдары
Күйзеліс пен мазасыздық адам ағзасына зиян тигізіп, өмірге қажет күш-қуатты жояды, жағымсыз сезімдерді туғызады
Мазасыздық пен күйзелістен айырылу үшін келесі ережелерді қолданыңыз:
- Күшіңіз жетіп, өзгерте алатын заттарды өзгертіңіз, өзгертуге болмайтын жағдайларды тағдыр ретінде қабылдаңыз.
- Айналаңызда болып жатқан жағдайларға оң көзбен қарап, жақсылығын табуға тырысыңыз. Ең жаман жағдайлардың да пайдалы жағын көруге тырысыңыз.*
- Нақты осы күнде өмір сүруге үйреніңіз және әр күннен рахат алуға тырысыңыз*
- Тағдырыңызға өкпелемей, бұдан да жаман жағдай болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
- Жағымсыз адамдардан алшақ болыңыз. Ондай адамдармен жұмыс істеуге мәжбүр болсаңыз, өзіңіздің оларға ұқсамайтыныңызға қуаныңыз.
- Өзіңізді бағалаңыз, басқалардың сіз туралы не дейтінін ойламаңыз. *
- Қызықты адамдармен көбірек араласыңыз. Адамдармен байланыс машықтарын жақсартыңыз.
- Керек болса өз қабілеттеріңізді асыра көрсетіңіз*
- Тұрмысыңызды уақытты зая кетірмейтіндей етіп ұйымдастырыңыз.
- Өз өміріңізді жоспарлаңыз.
* — бұл ережені қалай жүзеге асыруды білмесеңіз, мамандардың көмегіне жүгініңіз
2101