Авторы: Гүлнар Жандыбаева

Қазақ тіліне аударған: Айнұр Джаулбаева

Куки-Пачи күнге жетер жолда

Оятқыш таңғы жетіде шыр етті. Төсекте керіліп-cозылып алып, Куки-пачи есінеп жүріп, жуынатын бөлмеге қарай беттеді.

Жуынып, тісін тазалады. Айнадан құлазыған сұп-сұр келбетін көрді. Содан кейін орнын әйеліне босатты. Ерлі-зайыптылардың күнделікті күйбең тіршілігі өзгеріссіз қайталанып жатыр: бірге таңғы ас ішу, жұмыста қажет болуы мүмкін құрал-жабдықтарды жинау және тексеру. Әйелі, бетінен сүйіп, түскі ас салынған пакетін қолына ұстатады. Куки сыртқа шығып құлаққабын тағады, жақсы көретін әуенін қосып жұмыс істеуге кетеді. 

Айда әдеттегідей салқын және ылғалды, бірақ оны әрқашан анасы тоқып берген қызғылт-сары мойын орағышы құтқаратын. 

Куки-Пачиді ешкім елемейтін, оған қоса ол айда жұмыс істейтін басқа да көмекшілерге ұқсайтын: сопақ денесімен ұштасып жатқан  ұзынша басы, үлкен көзі, қолы мен аяғында үш саусақтан бар. Айда көп жыл өмір сүргендіктен, терісі сұрланып, мұрны салбырап, аузының шеттері төмен түсіп кеткен және ылғи бірдеңеге мұңайып жүргендей әсер қалдырады. Оның мұңаюының да себебі бар еді, өйткені ол он бес жыл бойы тынымсыз «беделді» қызметте жұмыс істеді, ол бір күні зейнетке шығып, жасанды күн емес, жылы Күн сәулесінің астында демалуды армандайтын. Ол бұл жұмысқа мүмкіндігінше көп балл жинап,қартайғанда отбасына лайықты өмір қамтамасыз ету үшін тұрған еді.

Оның ата-анасы  да кішкентай «Аты жоқ планетада» тынымсыз жұмыс істеп, ерсілі-қарсылы тынымсыз қозғалып жүрген астероидтар арасында «тәртіпті» қалпына келтіретін.  Ұлының қызмет жағдайы ата-анасына үлкен қуаныш сыйлады, өйткені бұл оларды Жерге жақындата түсетін. Өздері тұрып жатқан жердің кемшілігі – мәңгі тоң мен сұр түнек еді,   соның кесірінен тұрғындардың бәрі дерлік көңілсіз әрі уайымшыл болатын.  Бірақ Куки жастайынан еңбек қана бір күні арманындағы уайымсыз кәрілікке жетелейтінін түсінді. 

Кеңсеге жеткен соң, аяғын әрең басып, кешкі асқа үйіне асыққан әріптесін бірден ауыстырды. Куки-Пачи жол бойы әндер жинағын тыңдап келді, бұл жинақ оны жұмыс орнында да құтқаратын.  Кукидің жұмыстағы міндеті педалды айналдыру.  Жылуды армандайтын өзі сияқты ғарыш тұрғыны келгенше педалды тоқтамай айналдыру. Куки-Пачи ғаламдықбелесебетке отырды да, жұмысына кірісті. Белесебет Айдың қозғалыс механизмін іске қосатын.  Ай – Жер үшін маңызды: ол түнде елдер мен континенттерге жарық беретін, ғарыш қоқысына қалқан болып, судың көтерілуі мен қайтуына жауапты еді. Жер серігі күн сәулесін жұтып, жарқырайды, бірақ өзі жылынбайды. 

Куки көкжиектен көзге көп шалынбайтын алтындай жарқыраған шұғыланы тамашалағанды ​​ұнататын: педальді айналдыра отырып ол үнемі Күнді қуып жүретін. Көпшіліктің ерте ме, кеш пе барғысы келетін жері – қуаныштан бал-бұл жанған ғаламкөмекшілері ішінен жарқыраған жаратылысқа айналатын керемет Жер. Бұл орын бәрін қамтитын Ғаламдағы жұмақ сияқты еді, онда сіз өзіңіз қалағандықтан ғана дөңгелекті айналдырасыз  және айналаңыз керемет Күн астында бақытқа лайық қуанышты көмекшілерге толы болады.

Екі сағаттық қажырлы еңбектен кейін оның орнына әріптесі келді, ал ол үйіне қайтты. іКуки-Пачи жұбайымен Жердегі жоспарланған өмірін қызу талқылады, Күн бәріне бірдей жарқырайтын жерде жаман болуы мүмкін емес!

Авторы: Гүлнар Жандыбаева рассказы из цикла: «Куки-Пачи в погоне за солнцем», «Волшебные камушки»

https://daktilmag.kz/42/children/gulnar-zhandybaeva/rasskazy/648

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Айнұр Джаулбаева, SDU университеті Гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар факультетінің 3-курс студенті 

13
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *