Авторы: Рауза Досжан

Қазақ тіліне аударған: Жібек Серікбек

Мустик қалай мысығын жолбарысқа айналдырғысы келді

Мустик аулаға серуендеуге шықты. Жаңа ғана жаңбыр жауып өткендіктен, айнала әлі ылғал еді. Бала жан-жағына қарады, ал аулада ешкім жоқ: балалардың бәрі кетіп қалыпты. Мустик күні бойы шытырман оқиғаға ұрынбай жүретініне жабырқап, орындыққа отырды. Бала шытырман оқиғаны іздеудің қажеті жоқ, олар оны өздері іздеп табатынын білетін. Содан кейін ол орындықтың астында отырған қызылт сары мысықты көрді.  

— Әй, Рыжик, неге жабырқап отырсың? — деп сұрады бала төмен қарап.

— Менің қайғыратын уақытым жоқ, — деп жауап берді мысық. — Осында тышқандарды күтіп жатырмын.

— Эх, байқұсым-ай! — деп саңқ етті бала. – Көз алдыңа елестетші, егер сен жолбарыс болсаң, — деп Мустик армандап кетті, қулана жымиды. — Мен ауладағыларға қарай «ыр-ыр-р!» деп тап берер едім және бәрі осында жиналып, қалағанымның бәрін жасайтын еді.   

Рыжикты баланың қиялы қызықтырмады. Мысық жаймен керіліп-созылып есінеді, бірақ оның көзі жарқ етті.

— Сонымен, Рыжик, — деп артынан қалмады Мустик, — егер сен жолбарыс болсаң, аулаға шыққанда сені ән мен бимен қарсы алып, балмұздақ ұсынады!

Мысық шыдама кетіп, ернін бір жалады.

— Жолбарыс, айтпақшы, Жунгли патшасы болып саналады, — деп сөзінен қайтпады бала. — Оған тышқан ұстаудың қажеті жоқ деген сөз — олар өздері оның аузына қарай қуана жүгіреді! «Пи-пи-пи» — олар жолбарыс қайсысын бірінші жейді екен деп жарысады. Міне, солай.  

Рыжик орындықтың астынан шығып, жалбарына бастады:

— Маған жолбарыс болуға көмектесші! Сонда сенің адал досың боламын.

Мустик біраз ойланып алып, былай деп бұйырды:  

— Осында күт! Мен үйге жүгіріп барып, лезде ораламын. Жоспарым бар.

Рыжик баланы күтіп тұрғанда, жолбарысқа айналып ауланың иесі болатынын көз алдына елестетті. Рыжик өмірінің қалай өзгеретінін, әркім онымен дос болғысы келетінін және енді тышқандарды ұстаудың қажеті жоқ екенін ойлады.

Көп ұзамай Мустик оралды.

— Жолың болғыш екен! — деді бала қуана.

Қолында қара бояу мен қылқалам бар.

— Біріншіден, менің керемет бояуларым бар. Екіншіден, сен онсыз да қызғылт сарысың. Нағыз жолбарыс болу үшін саған бірнеше қара жолақ керек, — деп ойын айтты Мустик. – Қазір оны сызамыз. 

— Алақай! – деп мысық қатты қуанып кетті.   

Мустик қылқаламын шалшық суына салып, содан кейін оны қара бояуға батырды, мысықтың қызғылт сары жүніне жолақтар сала бастады. Керемет болып шықты және мысық та дән риза. Көп ұзамай бояу да таусылды. 

— Міне, болды, — деді Мустик мысыққа қарап. — Менің ойымша, керемет жолбарыс болдың, — деп сөзін қорытындылады ол.

— Мяу -я-я-а-а-у- у, — деп таңқала мияулады мысық.

— Мұның не, Рыжик! – деп бала санын соқты. — Сен жолбарыссың, саған мияулау емес, гүрілдеу керек. Ал, «р-р-р» деші тезірек!

— Р-мияу! Р-мияу!

— «Р-мияу» емес, «р-р», — деп айтқанынан қайтпады Мустик.

Мысық бар күшін салып, аузын толтыра үрлеп: «Р-р-мияу! Р-р-мияу!» деді. Қанша тырысса да жолбарыс тәрізді гүрілдеу алмады.

Бала мысықты кешке дейін жаттықтырды, бірақ ол тек мияулай берді. Қараңғы түсіп, жарық қоңыздары шамдарын жаға бастағанда, қатты шаршаған және аш мысық қара жолағын жалап өшіріп тастады. «Жалған жолбарыс болғым келмейді! М-я-у-у-у-у! Мен ең епті, ең жылдым мысық бола аламын ғой»,  — деп қуана-қуана кешкі асқа тышқандарын аулауға кетті.     

Мустик иығын қиқаң еткізіп, үйіне қайтты. Кешке ол өз оқиғасын ата-анасына айтып берді: «Рыжик неге жолбарыс болғысы келмеді?» деп сұрады. Ата-анасы күлді. Әкесі баласын тізесіне отырғызып, былай деді:

— Балам, бүгін сен Рыжикке маңызды сабақ үйреттің. Мәселе мысықтың сыртқы бейнесінде емес, оның жүрегі жолбарыстікі емес, мысықтікі. Оның бақыты – мысық болу.

Авторы: Рауза Досжан

Әңгіменің түпнұсқасы:

https://daktilmag.kz/56/children/rauza-doszhan/rasskazy/1026

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Жібек Серікбек, SDU университеті Гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар факультетінің 3-курс студенті

87
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *