Авторы: Ульяна Лобанова

Қазақ тіліне аударған: Малика Шакирова

ҮШ ҚҰРБЫ

Бір күні үш құрбы өзенге барамыз деп шешті. Бірақ жолдары оңай болған жоқ.

Алдымен біреуі ауылға киіп баратын әдемі туфлиін жоғалтып алды. Екіншісі көлігіне отырып, оталдырып, жолға шықты, бірақ жарты жолда көлігі өшіп қалды. Амалы таусылған соң, көмек сұрайтын адамдар іздей бастады. Үшіншісі де қарап тұрмай, кім көрінгенге қоңырау шалды – механиктерге, достарына, тіпті бір жерден молданың нөмірін де тауып алды. Молда болса: «Жолдарың болсын деп дұға қылыңдар, аман жетесіңдер», – деп ақыл айтты.

Дәл сол сәтте жолдан бір қайырымды жандар өтіп бара жатып, көлікті сүйреп, автосервиске жеткізіп берді. Ал үш құрбы үрілген шеңберлерін құшақтап, аяқта биік өкше туфли, үстінде гүлді көйлекпен ауылға қарай жаяу тартты.

Ұзақ жүрді. Күн тас төбеден шақырайып, шекесінен өтті. Бір уақытта бір құрбысы:

— Ойбай, күннен қорғайтын майжақпаны жағуды ұмытып кетіппіз! – деп шошып кетті.

Күнге ең жақын тұрғаныі әп-сәтте Тәжікстанда жасалған сүтті шоколад түстес болып кеткен екен. Ал екеуі күнге күюден аман қалды. Себебі олар майжақпаны жағып үлгерген еді.

Ақыры ауылға жетіп, өзенге барса, қақпа алдына үлкен жазу ілініпті: «Өзен жөндеуге жабылды». Бақалар қаптап кетіп, су ластаныпты, сондан жөндеу жүргіземіз деп шешім қабылдапты.

Сапарлары сәтсіз аяқталса да, құрбылардың көңілі түспеді. Бір ақкөңіл әжеймен достасып, ауылда өмір сүре бастапты. Арада біраз уақыт өтіп, үшеуі де өздеріне лайық жар тауып, бақытты өмір сүріпті.

Ал жөндеуге жабылған өзен сол күйі ашылмапты. Жұмысшыларға не үшін ақша төлейді екен өзі?..

Авторы: Ульяна Лобанова

Қазақ тіліне аударған: Малика Шакирова

Түпнұсқа: https://daktilmag.kz/13/children/didar-ablanov/rasskazy-ural-volchya-bezdna/132

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Малика Шакирова, SDU университетінің педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің 3-курс студенті

134
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *