Шетелде оқып жүрген достарым ақылды, білімді, мақсаттарына берік жандар екенін білемін, дегенмен анда-санда оларға да қолдау керектігі сөзсіз. Бір досыма, құрбыма арнап жатырмын, бірақ оқыған баршаңыз да «маған арнады» деп қабылдаңыздар.

Досым, күш-қуат, көтеріңкі көңіл-күй, сабыр тілеймін, өз жолыңнан тайма, жігерлі бол!

Қолыма түскен Мұқағали Мақатаев пен «Даналардан шыққан сөз» жинағынан өзім оқитын жолдарды жазып отырмын. Осы жолдарды оқып, жігерлен, тілеуіңді тілеп, қолдап, жақтап жүрген адамдардың бар екенін ұмытпа.

Елден жырақ жүрсің, сондықтан «Отан туралы» өлеңін оқысаң:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» — деп сыбырлаған.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Даналық сөздерден:

«Ақылды әрі адал адамға жақындауға талпын, ақылды әрі өтірікші адамнан сақ бол, адал әрі ақымақ адамды ая, өтірікші әрі ақымақ адамнан аулақ қаш».

«Тым дөрекі де, тым қиқар да, тым жұмсақ та, тым дәлелдеуге бейім де, тым шәмкес те болма. Неде болса да артық нәрсе қауіпті: дөрекілік адамдарды абыржытады, қиқарлық безіндіреді, жұмсақтық жек көргізеді, артық дәлел ренжітеді.»

…          …          …           …           …          …

Шыда, шыда!

Шыдай түс шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады

Үміттің құлан иек құла таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады …

Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,

Өмір, өмір!

Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

Түсінемін жаныңның ауырғанын,

Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.

Иогтардың тәсілін қабылдағын,

Басқасына бас ұрып, табынбағын.

Шыда, шыда!

Шыдай түс, тағы шыда!

Тау құлатқан тасқынның ағысына,

Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,

Қарысуға болады, алысуға …

…              …                …             …             …

Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам, таңданба.

Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,

Жалғанға.

Мына өмірде, жүрегіңде,

Бойыңда ыстық қан барда.

Болмысты да, болмасты да,

Болады деп арманда!

Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам таңданба!

Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,

Алданба!

Шығатұғын күндерге де,

Ататұғын таңдарға,

Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.

 

 

1144
Share

От bilimpaz

2 комментария для “Достарымды қолдау”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *