«eliademy — қазақ тілінде болады» деген хабарға қалай қарайсыз? Әрине «Ол не?» деген сұрақ туындайтыны сөзсіз.

Сонымен eliademy дегеніміз не? Бұл — онлайн оқыту мүмкіндігін ұсынатын жүйе. Сіз eliademy-ді қолданып онлайн сыныбыңызды құрып, өз курсыңызды жүргізе аласыз.
eliademy

Осы жүйені көргеннен бастап-ақ қазақ тілінде болғанын қаладым. Жалпы, дүние жүзінде шығып жатқан білім саласындағы осындай дүниелердің қазақ тілінде болғанын қалайтын адамдардың бірі болғандықтан, солардың қазақ тілінде болуына барынша күшімді салғым келеді. Оның бірден бір жолы локализация жасау. Ол, әрине, ақысыз және ерікті адамдардың істейтін жұмысы.

Осылай ойланып жүріп, жұма күні (5.04.2013) eliademy-ге хат жаздым, cол күні түнде олардан жауап келді. Жауап хатты көргенде қатты қуанып кеттім. Хатпен бірге аударылуы керек сөздер мен сөйлемдердің тізімі бар файлды да салып жіберіпті. Аударманы жасап сенбі күні жібердім, көп ұзамай жауабы да келді. Осы аптада олар дайын аударманы жүйеге салып шықса, келесі апталарда қазақшасы дайын боп қалады. Дайын болған кезде хабарын береді және блогтарында жариялайды екен.

Өз басым осы күнді тағатсыздана күтіп жүрмін 🙂

525
Share

От bilimpaz

2 комментария для “eliademy — қазақ тілінде болады”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *