Google компаниясы өзінің Google Translate қызметіне қазақ, қырғыз және тәжік тілдері қосу мақсатында қарқынды жұмыс істеуде, деп хабарлайды компания өкілі Тілек Мамутов.  Осыған орай Google Translate командасы қазақ тілінің жүйеге ену процессін тездету үшін ағылшын және қазақ тілдерін білетін интернет қолданушыларды көмекке шақыруда. Ол үшін төменде келтірілген сілтемелер бойынша өтіп, қазақ тілінен ағылшын тіліне немесе ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған аудармалардың сапасына баға беруді берулеріңіз қажет.

Қазақ тілінен ағылшын тіліне жасалған аудармаға баға беру

Ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған аудармаға баға беру

Естеріңізде болса, «WikiBilim» қоғамдық қоры 2012 жылдан бастап Google Translate-ке қазақ  тілін қосу мақсатында Google компаниясымен келіссөздерді бастаған еді. Осыаған орай, 2012 жылдың сәуір айында Алматы қаласында өткен «Turkic Wikimedia Conference» конференциясына Google компаниясының өкілі Тілек Мамутовты арнайы шақырылды. Конференция барысында Google компаниясының Google Translate жобасына жауапты командамен тікелей видео-конференцияға шығып, қазақ тілінің Google Translate қызметіне қосу жөнінде сөйлескен еді.

Дерек көзі: Google Translate-ке үлес қос

489
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *