GPS-сурет салу (ағылшынша GPS Drawing, GPS-арт және Strava-арт деген атаумен де белгілі) — өнердің бір түрі, сурет салудың әдісі. Суретші GPS  қолданып алдын ала жоспарланған жолмен жүріп өту арқылы картада үлкен сурет салып немесе жазу жазып шығады. Суретшілер көбінесе жаяу жүреді, жүгіреді немесе велосипедмен жүреді. Оған қоса автомобиль, фургон, тіпті ұшақтар да қолданылуы мүмкін. Бұл өнер өзіне өнерге, саяхатқа, жаңа технолгияларға  деген сүйіспеншілікті біріктіреді, әрине, жүгіруді де жақсы көруі міндетті.

GPS-сурет салу  идеясын ең алғаш Хью Прайор және Джерем Вуд деген суретшілер жүзеге асырды. Олар Оксфордширде ені 20 км болатын балықтың суретін салған.

Ал бүгін сіздерге «Tokyo in Strava Art» ұсынған GPS-Art жүгіру суреттерін ұсынамыз.

Сіз де жүгіріп осындай сурет салып көріңіз. Өнерге өз үлесімізді қосайық.  

1078
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *