Hanyang университетіне сапар
Қарашаның төрті мен оны аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің он сегіз оқушысы мен екі маманы Hanyang университетіне сапарға барды. Осы сапар барысында оқушылар университеттің талаптарымен, департаменттерімен, факультеттерімен танысып, оқуға түсу мүмкіншіліктерімен, грант алу талаптарымен танысты. Hanyang университетінің ұстаздары, профессорлары, мамандары түрлі қызықты презентациялар жасап, лекциялар оқып, тәжірибелер көрсетті. Сонымен бірге оқушылар көптеген мәдени орындарға барды: ұлттық мұражайға, ескерткіштерге, саябақтарға, ғылыми орталықтарға самсунг, хюндай орталықтарына т.с.с. жерлерге барып, елдің тарихы, мәдениеті, тынысымен танысты.
PS: Басқа суреттерді фейсбук пен инстаграмнан көре аласыздар.
Алматы — Cеул — Алматы
4-10 қараша 2015 жыл
Керемет! Еңбектеріңіз жемісті бола берсін!