«Аптаның жаңа сөзі» деген айдар ашсам ба деп ойлап отырмын :)Естіген, оқыған, мені таң қалдырған жаңа сөздер туралы жазып тұрармын.Ағылшын тілінде «Newspeak»   деген сөз бар екен. Орыс тіліне «Новоя́з» деп аударыпты. Қазақша «жаңа тіл», «жаңаша сөйлеу» деуге бола ма екен? Білмеймін :)Негізі «Newspeak» деген сөз Джордж Оруэлдің  «1984» деген романында кездеседі. Ол ойдан шығарылған тіл. Романда бұл тіл партияның тотолитарлық тәртібіне қызмет ететін тіл, сонымен қатар ол оппозициялық ойлау жүйесін, салтын жүзеге асыртпауға қызмет етеді. Яғни адамның сөйлеуінен теңдік, бостандық, революция т.с.с. түсініктерді сипаттайтын  сөздер мен сөз тіркестерін шығарып тастайды.PS: Бұл роман туралы көп естігенім болмаса, оқымаппын 🙂 

621
Share

От bilimpaz

2 комментария для “Аптаның жаңа сөзі”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *