Викиномика

Викиномика – желілік ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі мемлекеттер мен қоғамдардың шекарасының сыртына шыққан жаңа жаһандық экономика. «Вики» және «экономика» сөздерінен құрастырылған бұл терминнің авторлары Дон Тапскотт пен Энтони Уильямс. Олар 2006 жылы шыққан осы аттас кітабында жаңа құбылыс туралы өз түсінігін баяндап береді.

«Технологиядағы, демографиядағы, бизнестегі, экономикадағы және жалпы әлемдегі түбегейлі өзгерістердің әсерінен біз адамдардың экономикаға қатысуы бұрынғыдан да жоғары болатын жаңа дәуірге аяқ басып отырмыз. Қатысудың бұл жоғары дәрежесі келесі кезеңіне жетті, онда жаппай ынтымақтастықтың жаңа формалары дүниежүзілік нарықта тауарларды ойлап табу, өндіру, жылжыту және тарату процестерін өзгертеді. Мұндай өзгерістер кез келген компанияға немесе процесске қатысатын адамға болашағы жарқын үлкен мүмкіндіктер береді», — делінген кітапта.

«Викиномика ғылымы төрт күшті жаңа идеяға негізделген: ашықтық, пиринг (трафик алмасу), қол жеткізу және бөлісу,  әрекеттің жаһандық сипаты. Бұл принциптер бұрынғылардың орнын алмастырады», — деп жазады авторлар.

Дон Тапскотттың айтуынша, өзгерістер тек экономикаға ғана емес, сонымен қатар адамдарды басқару саласына да қатысты болады.

479
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *