Глазгодағы «Кітап апталығы»
Глазгода, бүкіл Шотландиядағы сияқты «Кітап апталығы» басталды.
Глазгодағы «Кітап апталығының» бір тақырыбы «Scotland’s Stories of Home» деп аталады. Содан «Үй» сөзі бар шығармаларды мен де іздей бастадым. Қазақстанның ашық кітапханасы (http://kitap.kz/) сіздерге «үй» сөзі бар мына шығармаларды ұсынады екен:
- «Туған үйдің түтіні» Шәрбану Бейсенова
- «Жапандағы жалғыз үй» Сәкен Жүнісов
- «Бұл үйдің қандаласы қайда кеткен» Қалихан Ысқақ
- «Қалекеңнің үйінде» Бейімбет Майлин
- «Бисекеңнің үйінде» Бейімбет Майлин
- «Кемпірі бар үйдің»…Бауыржан Момышұлы
- «Көк үйдегі көршілер» (аудиокітап) Ғабит Мүсірепов
- «Ескі үйге апаратын жол» Мақсат Рамазанұлы
Басқа шығармаларды көзіңіз шалса, сіз де бөлісе отырыңыз.
PS: бір қызығы «үй» деп іздесеңіз «үйрек, үйрену, үйлену, үйінді» сөздері бар шығармалар да шығады екен
Глазго, Шотландия
сейсенбі, 25.11.2014
795