Екінші күн: TED пен TEDx

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде екі күндік семинар өтіп жатыр. Бірінші күн Уикипедия мақалаларын дайындау, дайын мақаланы өңдеу, дереккөздер қою, сілтемелер орналастыру, сурет жүктеу, сөздікпен жұмыс істеу, аударма қосу, сөздің түсіндірмесін жазу, уикипедияда бар мақалалардан кітап жасау жолдары т.с.сияқты жұмыстарды орындадық.

Екінші күн TED тақырыбына арналды.

Екінші күннен сурет баянды тамашалаңыздар:

Тақырып таңдау барысында оқушылардың дайындаған сөздері:

I топ:

II топ:

III топ:

638
Share

От bilimpaz

8 комментариев для “Екінші күн: TED пен TEDx”
  1. бүгінгі сабақ маған өте қатты ұнады, қызықты болды. бірақ менің ойымша сәл ұзақтау болды. дәл осыны кішкене тезірек әрі шапшаң жасасақ жаксырақ болар еді дегім келеді

  2. Маған бүгінгі тренинг өте ұнады. Жалпы көп заттарды үйрендім. Соның ішінде TED және TEDx туралы кәдемізге жарататын мағлұматтар алдым.Қызықты болды. Рахмет!!!

  3. TED және TEDx терминдерін оқып білуіміз, осы жайында әңгіме өрбітіп, түрлі топтық жұмыстарды жасауымыз, сөз байлығымызды дамытып, алуан тақырыптарда TEDx құрауымыз, әрине, ғажап! Әлеуметтік және заманауи ахуалдарға байланысты, жаңа технологияларға, дизайнға байланысты осындай шаралар құрастырсақ, болашақта халыққа азғантай болса да, көмек тигізсек жаман болмас! ТЕDx жұмыстары маған өте ұнады. Неге десеңіз, бұл интеллектіні жоғарылатып қана қоймай, ізденуге, жүйелі орындауға септігін тигізеді.

  4. Бүгінгі сабақ мен үшін өте қызықты өтті. Тіл мәдениетімзді дамытуға үлкен септігін тигізе алды деп ойлаймын. Сабақтың маңызы да орасан мол болды. Рухани байлығымызды кеңейте білдік, әрі жұрт алдында қалай сөйлеу керектігін үйреніп, шығармашылығымызды дамыта алдық. Ұзақ уақыт болса да мұғаліміміз бізді жалықтырмауға тырысты. Барлығын жақсы түсіндіріп, сабақты барынша пайдалы әрі қызықты өткізе білді.

  5. Cіздің бүгінгі сабағыңыз өте қызықты болды. Мен TED.com мен осы сіздің сайтыңызды білгеніме өте қуаныштымын. Мен енді сіз айтқан сайттарға жиі кіретін боламын. Сізге көп рахмет!

  6. Бүгінді семинар көңілімнен шықты. Өте қызықты болған бұл семинар бізге өз ойымызды толық жеткізуге, жұрт алдында қалай мәдениетті сөйлеуді үйретті. Осындай семинарды өткізген Салықова Бақытгүл апайға алғыс білдіремін.

  7. Мен бүгінгі сабақтан адам үшін TED секілді бағдарламалар мен конференциялар адам үшін өте пайдалы екенін түсіндім. Осындай бағдарламаларға үнемі қатысып, атсалысқым келеді. Сабақ өте қызықты өтті. Сізге көп рахмет!

  8. Мен үшін бүгінгі сабақ өте қызықты болды. Топпен жұмыс жасай отырып TED және TEDx секілді бағдарламалармен таныстық . Осы семинарда алған тәжірибем болашақта маған септігін тигізеді деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *