Кітапты қалай оқисыз? Кітапты қалай оқу керектігі туралы кеңестер тыңдағыңыз келе ме? Өзіңіз кітап оқу туралы қандай кеңес бересіз? Кітапты күнде — 25 минут оқы, 1 сағат оқы немесе 5 сағат оқы деген сияқты кеңестер естіп көрдіңіздер ме?

Кітап оқу – өте маңызды. Кітапта өзіңізге қажетті нәрсенің бәрін табасыз. Бірақ барлық адам бірдей оқымайды және оқығанын түсініп, түйсініп, өзіне пайда әкелетіндей, жетіліп жақсы белестерге көтерілетіндей деңгейге барлығы бірдей жете бермейді. Кейде тіпті не оқығанын ұмытып қалады. Сондықтан мамандардың кеңесін тыңдап көрейік.

Бүгін сіздерге Ицхак Пинтосевичтің кеңестерін ұсынамын.

Ол – бизнесмен, жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері болған, өзін-өзі жетілдіру бойынша кітаптар мен тренингтердің авторы, ютуб каналында түрлі видеоларын көрсеңіздер болады.   


Ицхак Пинтосевич мынадай кеңестер береді:

1.Кітап оқымас бұрын, өзіңізді кітап оқуға, жаңа ақпаратты, білімді қабылдауға дайындауыңыз керек. Өзіңізді тыныштық, сабырлы күйге түсіріңіз. Сізге қызық болса, оқығаннан мейлінше көп пайдалы ақпарат алатыныңыз сөзсіз.

2. Оқу барысында сіздің энергияңыз кетеді. Сондықтан бастамас бұрын энергияңызды толтыруыңыз керек. Оған дұрыс тыныстау көмектеседі. Терең демалыңыз, ауаны ішіңізге 10-30 рет тартып (мүмкіндігінше таза ауада) өзіңізді сергітіп алыңыз.

3.Сонан соң 10-25 минут тоқтамай таңдаған кітабыңызды оқыңыз. 25 минуттан артық оқудың қажеті жоқ. Берілген уақыт аяқталған соң, оқыған бөліктегі 3 маңызды идеяны және өзіңіз жасаған қорытындыны дәптеріңізге жазыңыз.

4. Осы жазып алған ойларыңызды кімге айтып бере аласыз? 2-3 адамды тауып, соларға ауызша айтып беріңіз. Бұл еске сақтау үшін өте маңызды.

5.Кітапта берілген нақты кеңестер, әрекеттер болса, соны жасаңыз. Мысалы, кестені толтыр, жаттығу жаса, сұраққа жауап бер т.с.с.

Қорытынды: күнде 25 минут кітап оқисыз, түсіндіресіз, істейсіз. Осылай Ицхак Пинтосевичтің кеңесін орындап көрсеңіз, 7 аптада 3 кітап, ал бір жылда 20-30 кітап оқуыңызға болады.

Мен де бұрыннан көп кітап оқитын адаммын, бірақ ешқашан марафон жасап немесе жүйелі түрде бір нәрсені 1 ай, 3 ай т.с.с. жасап көрмегенмін. Сондықтан сіздермен бірге эксперимент жасап көргім келеді. Айтылған кеңеспен жүріп, күнде 25 минут кітап оқып, ол туралы жазып отырамын. Осы мақсатта таңдаған кітабым Томас Фостердің «Искусство чтения (как понимать книги)» (Thomas С. Foster How to Read Literature Like a Professor) деген кітабы. Кітапты орыс тілінде оқимын, ойымды қазақша жазамын. Ертең алғашқы 25 минут оқығаннан кейін келген ойларымды жариялаймын. Қосылыңыздар, мүмкін сізге де қызық болады. Бірге талқылайық.

Құрметпен,

Бақытгүл Салыхова

28.06.2019

765
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *