Ла-Маншты жүзіп өткен 2 қазақ әйелі

Ла-Манш бұғазы Атлант мұхиты мен Солтүстік теңізінің, Франция мен Ұлы Британияның  арасында орналасқан  бұғаз екенін білесіздер.

38 километрге созылған Ла-Манш бұғазы болжай алмайтын ауа райымен, судың төмен температурасымен және ағысымен танымал. Оны алғаш болып капитан Меттью Уебб  1875 жылы 21 сағат 40 минутта жүзіп өткен, содан беріЛа-Маншты гидрокостюмсіз жүзіп өту ережесі қалыптасты. Ла-Маншты қанша уақытта және қанша шақырымда жүзіп өтуге болатынын ешкім болжай алмайды, өйткені бұл ауа райына,  судың көтерілуі мен қайтуына және басқа да қиындықтарға байланысты.

Қазірге дейін Ла-Маншты 2653 адам жүзіп өткен (https://www.channelswimmingassociation.com/ ). Соның ішінде 2  қазақ әйелі бар.

Ең алғаш болып Ла-Маншты 38 км-ді 15 сағатта Анел Сытдыкова жүзіп өтті. Ол үш баланың анасы, Ла-Манш бұғазын  гидрокостюмсіз 2019 жылдың шілдесінде жүзген. Оған дейін 2016, 2018 жылдары жүзуге талпынған, бірақ ауа райының бұзылуына байланысты кейінге қалдырған.

Екінші болып Ла-Маншты екі баланың анасы елу жастағы Мадина Курманбаева бағындырды. Ол 2021 жылдың 19-нан 20 қыркүйегіне қараған күні британ порты Дуврдан шығып 68 кмді  16 сағат 54 минутта жүзіп өтті.

Құттықтаймыз!

Дайындаған Бақытгүл Салыхова.

500
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *