Марат Қабанбаевтің «Се ля ви» әңгімесінен алған әсеріңіз қандай?

 

Өзім жұмыс істейтін үжымда былтырдан бері «Әдебиет клубын» жүргізіп келемін. Біз алдын ала таңдалғанр шығарманы оқып келіп, кездесу барысында талқыға саламыз. Сонан кейін оны Қазақстанның ашық кітапханасындағы «Ойталқы» бөліміне жазып қоямыз. Биыл да сол талқылауларымызды жалғастырып жатырмыз. Талдаған бірінші шығармамыз Марат Қабанбаевтің «Се ля ви» әңгімесі. Бұл кездесулер екі аптада бір рет болып тұрады. Екінші кездесуімізде біз Кобо Абенің «Құм құрсауындағы әйел» романын талқыладық. Бізбен бірге болып, осы шығармаларға өз ойларыңызды айта отырыңыздар. Талқылау барысы қалай өткенін Білімпаз сайтынан және Қазақстанның ашық кітапханасының «Ойталқы» бөлімінен көре аласыздар.

Осы кездесуіміздің кіріспе сөзін беруді жөн көріп отырмын.

«Қош келдіңіздер!

Естеріңізде болса былтыр біз төрт шығарма оқып, талдаған болатынбыз. Олар Дулат Исабековтің «Қарғын» романы, Асқар Алтайдың «Туажаты», Төлен Әбдіктің «Өліарасы», Жүсіпбек Қорғасбектің «Үлпілдек» шығармалары. Біз барынша ой бөлісіп, осы жерде талқылауға тырыстық.  Енді биыл да осы дәстүрді жалғастырып, ары қарай осындай кездесулер өткізіп тұрсақ деген үмітіміз бар. Бүгін Марат Қабанбаевтың «Се ля ви» деген әңгіменсін талқылаймыз.  Марат Қабанбаев туралы бәріңіз білесіздер, дегенмен тоқталып өтейік.

Марат Қабанбаев 1948 жылы Шығыс Қазақстан облысында Зайсан ауданында дүниеге келген кісі, өкінішке орай 2000 жылы 52 жасында қайтыс болды. Ол балалар әдебиеті жазушысы және публицист ретінде қазаққа танымал кісі. Сонымен бірге ол кісінің жазған шығармасы орыс, украин, молдаван және неміс тіліне аударылған, неміс тіліне аударылған шығармасы «Арыстан, Велиончель, Мен және қасапхана» деп аталады, ол «Қарлы құйын» деген атпен Германияда шықты және Андерсен сыйлығын алды.

Ол кісінің бірінен кейін  бірі шығарған шығармалары өз ерекшеліктерімен, әуенімен, астарлы сөзімен, әдемі әзілімен оқырмандарына жетіп жатты және өз бағасын да алды. Кейін де осы жазушының басқа да шығармаларын қызығып оқисыздар деп сенемін.

Бүгін (16.01.2015) сіздерді Марат Қабанбаевтің «Се ля ви» әңгімесін талқылауға шақырамын. Осы талқылауымызды екі сұрақтың төңірегінде өрбітсек:

1) Осы шығарманы оқуға ұсынғанда алғаш «Се ля ви» деп оқығанда, ойларыңызға не келді? Қандай болжам жасадыңыз, шығармадан не күттіңіздер? Сонымен бірге шығарманы оқып болғаннан кейін алдын-ала болжаған, ойға келген пікірлеріңіз ақталды ма, жоқ әлде басқа ойға жетеледі ме?

2) Шығармада екі негізгі кейіпкер бар, олар: Мәмбет және Шолпан. Сіздердің ойларыңызша автордың бүйрегі кімге көбірек бұрып тұр? Жазушыға қай кейіпкер жақынырақ деп ойлайсыздар? Ал сіздердің өздеріңізге осы екі кейіпкердің қайсысы ұнайды?

Марат Қабанбаевтің «Се ля ви» әңгімесін Қазақстанның ашық кітапханасынан оқыңыздар.

Сілтемелер:

  1. http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2531-se_lya_vi

 

 

637
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *