Маргарет Тэтчер

Ағылшын саясаткері және қоғам қайраткері, Ұлыбритания премьер-министрі (1979-1990)

Бүгін 13 қазанда дүниеге келген танымал адамдардың бірі Маргарет Тэтчер туралы айтып берейік.

Маргарет Тэтчер 1925 жылдың 13 қазанында дүниеге келді, 2013 жылдың 8 сәуірінде қайтыс болды.

Оның есімі әлемдік тарихқа «Темір ханым» және Ұлыбритания тарихындағы бірінші әйел премьер-министр ретінде енді. Маргарет Тэтчер бұл лауазымды қазіргі Еуропадағы басқа саясаткерлерге қарағанда көбірек атқарды және тұтас дәуірдің жаршысы болды. Оның саяси шешімдер қабылдаудағы батылдығы мен сенімділігі әріптестеріне ақылсыздық болып көрінсе де, оған әлемдік тарихтың бір бөлігі болуға құқық берді. Шын мәнінде ол 20-ғасырдағы «саясат тек еркектерге арналған қызмет» деген  тұжырымды қайта қарауға әсер еткен бірінші әйел болды.

Балалық шағы.

Әкесі Альфред және анасы Беатрис еді,  кішкентай қызының тәрбиесімен әкесі айналысты, қызын қатты жақсы көрді және өзі қол жеткізе алмаған нәрселердің бәрін беруге тырысты.

Әкесі Маргаретке әрқашан басқалар сияқты болмау, өзгеше болу –  жеке тұлға және басқаларға үлгі болу дегенді үйретуге тырысты. Бес жасынан фортепианода ойнауды үйренді, ал 9 жасында ол поэзия байқауының жеңімпазы болды. Ол әкесіне дүкен жұмысын жүргізуге көмектесті, соның арқасында кәсіпкерлікті меңгерді.

Білімі мен қызметі

Ол Соммерсвиль колледжінде оқыды, содан кейін Оксфордқа түсті, онда практикалық химия саласындағы зерттеулермен айналысты.

1951 жылы Маргарет кәсіпкер Денис Тэтчерге күйеуге шықты. Төрт жылдан кейін ол заң факультетіне оқуға түсті. 1950 жылы парламентке бірінші рет сайлауға түсті, бірақ бұл әрекеті сәтсіз болды.

1970 жылы Эдвард Хит Тэтчерді қорғаныс министрі етіп тағайындады, ал бес жылдан кейін ол сайлауда жеңіске жетіп, партияның көшбасшысы болды.

1979 жылдан бастап Маргарет Тэтчер Ұлыбританияның премьер-министрі қызметін атқарды. Үкімет басшысы ретінде ол көптеген саяси және экономикалық реформалар жүргізді, оның саясаты, әсіресе қаржы жүйесін реттеу, еңбек нарығын икемдеу, мемлекеттік компанияларды жекешелендіру және кәсіподақтардың ықпалын төмендетуге бағытталды. Оның билігі кезінде Ұлыбританияның ядролық күштері үш есе өсті, ал Аргентина 1982 жылы Фолкленд соғысында жеңіліске ұшырады.

Премьер-министр ретінде 11 жыл қызмет еткеннен кейін, Тэтчер 1990 жылдың 22 қарашасында премьер-министр қызметінен кететінін жариялады. Тэтчер Еуропа мемлекетінің премьер-министрі болған бірінші әйел болды.

Екі жылдан кейін ол саяси қызметке қайта оралды –  1992 жылы Тэтчер лордтар палатасының мүшесі болып, ұзақ уақыт белсенді саясаткер болып қала берді.

Оған баронесса титулымен бірге жеке дворяндық және герб берілді, Загребтің құрметті азаматы, Бильдерберг клубының мүшесі болды. Ол «Мемлекетті басқару өнері: өзгермелі әлемнің стратегиялары» кітабының авторы. Тэтчер – лордтар палатасының өмір бойы мүшесі.

Бірақ 2002 жылдан бастап оның денсаулығы едәуір нашарлады, ол біртіндеп қоғамдық-саяси қызметтен кетті. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі, әйгілі әйел және саясаткер Маргарет Тэтчер 2013 жылдың 8 сәуірінде 87 жасында Лондонда инсульттан қайтыс болды.

2119
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *