Авторы: Рауза Досжан

Қазақ тіліне аударған: Зайнидин Нұрайлым

Миланың кіндік ергежейлілерімен танысуы

Үлкен әсем қалада Мила есімді кішкентай қыз өмір сүреді. Ол аулада ойнағанды ерекше жақсы көреді. Күн сайын жаңа ойын ойлап тауып, зеріге қоймайтын. Кеш батқанда үйге барғысы келмей, таң атса екен деп армандайтын, өйткені достарымен қайта асыр салып ойнауға асығады.

Жақында өмірге Миланың інісі келді. Балақай жиі жылайтын, сондықтан анасына үнемі оның қасында болуға тура келді. Ал Милаға үлкен әпкесі Лира қарады.  

Кішкентай қыз аулада ойнап жүріп қатты шаршайтын, сондықтан кейде ұйықтар алдында жуынуға да күші жетпейтін.  

Бірде әпкесі Микосядан:бүгін жуындың ба? — деп сұрады.  

— м… иә… — деп Мила асығыс көрпенің астына кіріп кетті. Алайда өкшесі көрініп тұр.  

Осылай ұйықтап қалар ма еді, бірақ Лира оның кір өкшесін байқап қалды.  

— Әй, кірқожалақ-ай! Тез арада жуынып кел! — деп бұйырды ол.  

Қыз ұялғанынан жуынатын бөлмеге қарай жүгіре жөнелді. Лира суды ағызып тұрып:  

— Өкшең жылтырағанша, ешқайда кетпейсің! — деді.  

Лира есікке сүйеніп, телефонымен досына қоңырау шалды. Ал Мила денесін ысқылап тұрып жуып жатты, хош иісті көбікке малынды. Судың астында осылай тұру неткен көңілді еді! Қыз тіпті бұрын жуынғанды неге ұнатпағанын түсінбеді.  

Сол сәтте белгісіз бір дауыс шықты:  

— Шапшаңдатыңдар! Шелек алып, қабырғаларды жуыңдар! 

Мила айналасына қарап еді, бірақ ешкім көрінбеді. Лира болса телефонмен сөйлесіп тұр. 

— Бұл кім? — деп таңдана сұрады қыз.  

Сол кезде ол өз кіндігіне көзі түсіп кетті. Ішінде біреулер бар сияқты!  

— Әй, сен кімсің? Шық бері! — деп бұйырды Мила.  

— Сен қорықпайсың ба? — деді  жаңағы таныс дауыс. 

Не екенін білгісі кеп қызығып кеткен қыз, қорыққанын білдірмей:  

— Мен әлемдегі ең батыл қызбын! Мен ешкімнен қорықпаймын! Тез шық, танысайық! — деді.  

Осы сәтте оның алақанына кіп-кішкентай ергежейлілер секіріп шықты. Сол сәтте олар бірауыздан іштеріндегі “бастау” түймешесін басқандай болып еді лезде үлкейіп шыға келді.  

Миланың алдында кіндік ергежейлілері отбасы тұрды: кіндік ергежейлілерінің әкесі, анасы және кішкентай қызы. Бәрі суға арналған көзәйнегін киіп алған, ата-анасы құтқару кеудешесіі мен суға түсу киімін де киген. Ал кішкентай қыздың белінде резеңке шеңбер бар.  

— Сендер кімсіңдер? Менің кіндігімде не істеп жүрсіңдер? — деп сұрады Мила.  

— Біз кіндік ергежейлілеріміз! — деп жауап берді шақырылмаған қонақтар.  

— Егер кіндіктерің кірлеп кетсе, біз көмекке келеміз! Ал сенің кіндігің шынымен адам төзгісіз болып тұр! — деді кіндік ергежейлілердің әкесі

Мила өзінің кірқожалақ болып жүргеніне ұялып қалды. Ол қалай ақталарын білмей, сыбырлай сөйлеп:  

— Аулада ойнап жүріп қатты шаршаймын, жуынуға әлім жетпей қалады… — деді.  

Кіндік ергежейлілердің үлкені күлімсіреп:  

— Түсінікті… ай, балалар-ай, деп күңкілдеді! Мен де сендей болған кезде әбден шаршағанша ойнайтынмын. Бірақ бұлай жалғаса бере алмайды, — деді ол байсалды үнмен.  

Кіндік ергежейлілердің анасы: Осы күннен бастап біз сенің сенімді әрі пайдалы көмекшіің боламыз! — деп қосып қойды.  

—Мен бірінші боламын! — деп кіндік ергежейлілердің үлкені салтанатпен аяғын нықтап басып,  секіріп түсті де көбікті ысқышқа айналды. 

— Менің кезегім! — деді екіншісіі. Ол шыр айналып еді, аяқ астынан жұмсақ сүлгіге айналып кетті.

—Бұл  ғажап қой! — деп таңғалды Мила.  

— Мұнымен іс біткен жоқ! Мен де бармын! — деп дауыстады кішкентай кіндік ергежейлі.  

— Микося, менің атым — Кіндіктай. Енді сенің шомылғандағы ең сүйікті ойыншығың боламын!  

Ол бір аяғынан екіншісіне ауысып  секіріп жүрді. Кенет — бум! — ол қызыл резеңке шеңбері бар ойыншық-ергежейліге айналып кетті.  

Миланың қуанышында шек болмады!  

Қыз жуынып болған кезде  Лира да телефондағы әңгімесін аяқтаған еді, ол келіп, сіңлісінің өкшесін тексерді. Тап-таза болыпты! Әпкесі риза болып Миланы ұйықтасын деп бөлмесіне апарды.  

Осы күннен бастап Мила шомылғанды жақсы көретін болды, бірақ ең қатты қуантқаны — Кіндіктай еді! Өйткені достарының ешқайсында мұндай ерекше ойыншық жоқ.  

Авторы: Рауза Досжан “Мила знакомится с пупогномиками

Әңгіменің түпнұсқасы: https://daktilmag.kz/56/children/rauza-doszhan/rasskazy/1026 

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Нұрайлым Зайнидин, SDU университетінің педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің 3-курс студенті

110
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *