Нөлдік меридианға 137 жыл

Бүгінгі күні нөльдік меридиан Ұлыбританиядағы Гринвич қаласының обсерваториясынан өтетін меридиан және оның Гринвич меридианы деп аталатынын жұрттың бәрі де біледі. Оны нөл деп анықтау ешбір маңызды географиялық есептеулермен байланысты емес, тіпті ондай есептеулер оны таңдау кезінде қажет болмады да.

Бұл сызық, экватор сызығына қарағанда, шартты, бірақ картография мен жер бетінде тұрған орнын есептеуді біркелкілікке жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бірыңғай нөлдік меридианның құрылуы уақытты анықтауда біркелкілікті орнатуға ықпал етті, өйткені бұл сызық Жердің айналуының бастапқы фазасының шартты нүктесіне айналды.

1884 жылдың 13 қазанында Гринвич меридианын нөлге теңестіретін Халықаралық келісім қабылданды. Оған дейін, әр түрлі елдердің карталарында ұзақ уақыт бойы мүлде басқа жерлерде өтетін нөлдік меридиандарды кездестіруге болады. Мұндай жерлер Родос аралы (Гиппарх жазбаларында), Канар аралдарындағы Фуэртевентура аралы, Ферро аралы, Кадиз, Гринвич, Лиссабон, Париж, Копенгаген және т.б.

Гринвич меридианына келетін болсақ, оны бірінші рет нөлдік меридиан ретінде  1851 жылы қолданған. Жиырма жылдан кейін Антверпенде Халықаралық географиялық конгресс кезінде Гринвич меридианын барлық теңіз карталарында нөлдік меридиан ретінде пайдалану ұсынылды.

Кейінгі барлық Халықаралық географиялық конгрестер мен геодезиялық конференциялар өздерінің кездесулерінде теңіз және географиялық карталардағы басты меридиан мәселесін талқылауды жалғастырды.

1884 жылы тарихқа меридиан жиналысы ретінде енген Вашингтон конференциясында Гринвич меридианын барлық карталарда нөлдік меридиан ретінде қолдану туралы шешім қабылданды және барлық мемлекеттерге осы ережені ұстануды ұсынды. Сонымен қатар конференцияның маңызды шешімдерінің бірі – әмбебап уақыт ретінде Гринвич уақытын қолдану туралы ұсыныс болды. Орташа күндік (әлемдік немесе әмбебап) күннің басталуы бастапқы меридианда түн ортасы деп қабылданды және олардың ұзақтығы 0-ден 24 сағатқа дейін есептелді.

Вашингтон конференциясының осы және басқа шешімдері 1884 жылы 13 қазанда қабылданған резолюция түрінде рәсімделді.

Дайындаған Бақытжан Салихов

881
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *