Такахару Тэдзука: «Сіз естіп көрмеген балабақша» тақырыбында TEDx конференциясында сөз сөйледі.
Translated by Askhat Yerkimbay
Reviewed by Ainur Akhmetova
Бес жастағы балалар кептеліс жасағандықтан Токионың бұл мектебіне Санта клаус терезеден түседі. Архитектор Такахару Тэдзука қиялынан туған, қараса көз тоймайтын балабақшаға назар аударыңыз. Өз сөзінде ол балаға бала боп қалуға мүмкіндік берген ғимараттың салыну процесіне тоқталады.
Видеоның аудармасы:
Бұл 2007-де біз жобасын жасаған балабақша. Балабақшаны шеңбер пішінде жасадық. Шатырындағы айналым шексіздік іспеттес. Егер ата-ана болсаңыз, балалардың айналуға құштар екенін білесіз. Шатырдың көрінісі осындай.
Біз неге дәл бұлай жобаладық? Балабақша басшысы бізге: «Жоқ, тұтқаны ұнатпаймын» – деді. «Бұл мүмкін емес» – дедім. «Шатырдың шетінен тор ілсек қайтеді? Құлап бара жатқан баланы ұстап қалар еді» – деді. (Күлкі) «Бұл мүмкін емес» – дедім.
Әрине, мемлекеттік қызметкер: «Міндетті түрде тұтқа болуы керек» – деді. Бірақ бұл идеяны ағаштар айналасына қолдандық. Бойлай өскен үш ағаш бар еді. Торды тұтқа орнына қолдануға рұқсат берді. Әрине, тұтқаның тормен еш қатысы жоқ. Балалар торға құлайды. Әрі жайлап-жайлап көбейе берді, көбейе берді. (Күлкі) Кейде ағаш айналасына 40 бала жиналады. Бұтадағы баланың ағашты жақсы көретіні соншалық, тіпті жеп тұр. (Күлкі)
Қандай да бір шара барысында олар шатырда отырады. Төменнен қарасаң өте керемет көрінеді. Құдды зоопарктегі маймылдардай. (Күлкі) Тамақтану уақыты. (Күлкі) (Қол шапалақ)
Шатырды барынша төмен қылуға тырыстық, төмендегі ғана емес, төбедегі балалар да көрініп тұру үшін. Шатыр тым биік болса, тек төбе көрінер еді.
Аяқ жуатын жер-су шүмектерінің алуан түрі. Қаласаңыз досыңызға су шаша алатын, душқа түсе алатын майысқақ шүмекті көре аласыз және бер жағындағысы кәдімгі шүмек. Бірақ көз тастап қарасаңыз, балақай етігін жуып жатқан жоқ, суды етік ішіне толтырып жатыр. (Күлкі)
Жылдың басым бөлігінде бақша есігі ашық. Ішкі және сыртқының арасында шекара жоқ. Архитектура тұрғысынан алсақ, бұл – жай ғана шатыр және бөлмелер арасында да шекара жоқ. Ендеше акустикалық шекара мүлде жоқ. Бірнеше баланы тыныштық орнаған бөлмеге қалдырсаңыз, ашуына тиері сөзсіз. Бірақ бұл балабақшада ашуланудың жөні жоқ. Себебі мұнда бөліп-жарар шекара жоқ.
Егер бұрыштағы бала бөлмеде отырғысы келмесе, оны жөніне жібереміз дейді бақша басшысы. Ақыр соңында, кеткен жеріне қайта келері сөзсіз, себебі бұл – шеңбер. (Күлкі)
Бір жағынан алғанда мұнда да бір мән бар, әдетте балалар бір жерге жасырынып жүреді. Бірақ мұнда олар кетіп қалады және оралады. Бұл – табиғи процесс.
Екіншіден біз у-шудың маңызын ескердік. Өздеріңіз білетіндей, балалар у-шуда жақсы ұйықтайды. Тыныш жерде ұйықтамайды. Ал бұл балабақшада балалар керемет қабілеттерін көрсеткен. Біздің арғы тегіміз шуға толы ну орманды мекендеді. Оларға шу керек. Шуға толы барда досыңызбен сөйлесе аласыз. Тып-тыныш жерде тұра алмайсыз.
Өзіңіз білетіндей, бұл күндері біз бар нәрсені қадағалап отыруға тырысамыз. Өзіңіз білетіндей бұл жерде бәрі ашық. Қыста -20 градуста шаңғы тебе алатынымызды білесіз. Жазда жүзуге барасыз. Құмның температурасы 50 градус. Денеміздің су өткізбейтінін де білесіз. Жаңбырда ешқашан су боп ағып кетпейсіз. Балалардың да сыртта жүргені абзал. Оларға керегін беруіміз керек.
Бөлмені олар осылай бөледі. Мұғалімге көмектеседі деп күтеміз. Бірақ олар көмектеспейді. (Күлкі) Мен оны онда тыққан жоқпын. Сынып бөлмесі. Әрі жуынатын шұңғылша. Олар бір-бірімен керемет тіл табысуда. Әрі бөлме ішінде әрқашан ағаш болады. Жоғарыдағы бір маймыл келесі біреуін ұстап алғысы келеді (күлкі). Маймылдар. (Күлкі) Әр бөлмеде кем дегенде бір терезе, Крисмас мерекесінде Санта Клаустың түсер жері. Бұл сопақша келген бақша жанынан салынған жапсырма ғимарат. Ғимарат бар болғаны бес метр болса да жеті қабаты бар, әлбетте төбесі өте аласа. Қауіпсіздігін де қаперге алуыңыз керек. Сонымен біз ұл-қыздарымызды сонда жібердік Олар ішке кіргісі кеп талпынуда. Ол басын соғып алды. Оның жағдайы жақсы. Бас сүйегі мықты-ау деймін Оның еті тірі. Ол – менің ұлым. (Күлкі) Секіргенде де қауіпсіз бе деп тексеруде. Кейін біз басқа балаларды жібердік.
Токиодағы кептелістің сұмдық екені белгілі. (Күлкі) Алдындағы жүргізуші, айдауды үйренуі керек. Бүгін балаларға қорқыныштың не екенін аздап көрсету керек. Осындай жағдайда олар бір-біріне қалай көмектесу керектігін үйренеді. Бұл – қоғам. Осындай мүмкіндіктерді жоғалтудамыз. Бұл сызба баланың 9:10 мен 9:30 арасындағы қозғалысын көрсетеді. Бұл ғимарат ұзындығы 183 метр. Аз деп айта алмайсыз. Бұл бала таңда 6000 метр жүрген. Бірақ таңғаларғылы бұл емес. Бұл бақшадағы балалар орта есеппен 4000 метр жүреді екен. Басқа бақша балаларымен салыстырғанда атлет қабілеттері жоғары. «Оларды жаттықтырмаймын. Шатыр үстіне жібереміз. Қойлар сияқты» – деді балабақша директоры. (Күлкі) Олар жүгіре береді. (Күлкі)
Менің түйгенім, оларды қадағалаудың, көп қорғаштаудың қажеті жоқ, кей кездері жерден де таяқ жеу керек. Жарақат та алу керек. Олар осы өмірде қалай өмір сүру керектігін үйретеді. Архитектура әлемді және адамдардың өмірін өзгертетініне сенемін. Ал бұл – балалар өмірін өзгертуге талпыныс
Көп рақмет.
(Қол шапалақ)