Тапсырма түрлері

Бұрыннан бері армандап жүрген істерімнің бірі қазақ тілін үйретуге арналған тапсырма түрлері: ойындар, сөзжұмбақтар, т.с.с. тапсырмалардың түр-түрін жасап ұсыну еді. Сонымен бірге ол үшін бағдарламашы, дизайнер т.с.с. мамандық иесі болмай тез үйренуге болатын, оңай ыңғайлы бір құрал іздеуші едім. Соның біріне кезіккен сияқтымын, менің барлық талаптарыма сай болмаса да біраз нәрселерді жақсы жасауға септігін тигізеді екен. Ішінде түсінбей қалып жатқан жерлерім де бар, дегенмен жаттыға келе олардың да жауабын табамын деп үміттенемін.

Сонымен бұл ресурс http://www.studystack.com/ деп аталады.

Осы ресурста сөзжұмбақ жасай бастағанмын, бірақ сөзжұмбақты сәтсіз жасағандықтан, ұсынылған тапсырмалардың басқа түрлеріне салып көрдім. Нәтижесінде не шыққанын төменде берілген үлгілерден көріңіздер.

Әріптердің орнын ауыстырып сөз құрау ойыны.
Берілген әріптерден 7 сөз құра сөздер құраңыз (40 сөзге дейін көбейді).
«Play again» батырмасын басу арқылы келесі сөзге көш.
Сөзді құрауда қиындық туып жатса, «Show answer»-ді басып жауабын көруге болады.
PS: Өкінішке орай нәтижесін көрсетпей сөздер қайталанып шыға береді, қалай өзгертуге болатынын түсінуге тырысып жатырмын 🙂

Сөздің түсіндірмесін оқып, буындардан, әріп тіркестерінен сөз құрау.

Флеш карталар жасаудың  үлгісі
Түсіндірмесі: Парақшаның бір жағында сөздің түсіндірмесі (аудармасы т.с.с.) тұрады. Түсіндірмені оқып, қандай сөз жасырылғанын тауып көріңіз. Сонан кейін парақшаны басып, дұрыс жауабын оқыңыз. Егер жауабыңыз дұрыс болса, «Correct cards» батырмасын басып дұрыс жауаптарыңызды сол жерге жинаңыз. Қате болса, сәйкесінше «Incorrect cards»-ты басасыз.

Сөз бен оның түсіндірмесін сәйкестендіру

Ашық тест түрінде берілуі

Flashcards and educational games by StudyStack

Тест түрінде берілуі

Flashcards and educational games by StudyStack

Бұл ресурспен қалай жұмыс істеу керектігін 1-2 күнде бөлек жазба түрінде ұсынатын боламын.

6392
Share

От bilimpaz

7 комментариев для “Тапсырма түрлері”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *