Тарихи кітаптарды қалай оқу керек?

Осыған дейін Мортимер Адлер туралы айтқанбыз және қиын кітапты оңай оқу жолын да талқылағанбыз.  

https://bilimpaz.kz/2021/10/08/қиын-кітапты-оңай-түсінуге-бола-ма-мор/

Оған қоса «Көркем әдебиетті қалай оқу керек?» мақаласында Мортимер Адлердің ойын ары қарай жалғастырдық.

Ал бүгін Мортимер Адлерден келесі кеңестер:  тарихи кітаптарды оқу ерекшеліктеріне тоқталайық.

Тарихи кітаптар көркем әдебиетке ұқсас: нақты деректер ойдан шығарған оқиғалармен астасып, автордың өз тұрғысынан жасаған түсіндірмесімен қостасып жатады. Ал өз көзқарасын нанымды ету үшін автор тарихи айғақтар мен құжаттарға жүгінеді.

Автор ақпараттарды белгілі бір тұжырымдарға сүйене отырып ұсынады. Осыған байланысты ол кейбір оқиғаларға көбірек назар аударып, басқаларын елемеуі мүмкін. Тарихи оқиғалардың неғұрлым объективті және толық сипатын алу үшін кеңейтілген оқуға жүгінуге болады.

Тәжірибе сипатталған кітаптарды қалай оқу керек?

Бұл кітаптар белгілі бір мәселені шешу жолдарын көрсетумен ерекшеленеді. Медицина, экономика, техника саласы – мұның барлығы тәжірибелік бағыттар.

Тәжірибелік кітаптар екі түрге бөлінеді.

Біріншісі нұсқауларды қамтиды және сізге бір нәрсені қалай жасау керектігін үйретеді.

Екіншісі принциптерге арналған, ал принциптерден ережелер шығады. Этика мен экономикаға арналған кітаптар осы түрге жатады. Тәжірибе сипатталған әдебиеттерді оқығанда сіз екі сұраққа жауап беруіңіз керек: автордың мақсаты қандай, ол мәселені шешудің қандай нұсқаларын ұсынады?

Тәжірибелік кітаптың авторы, әдетте, біздің санамызға ғана емес, сезімдерімізге де әсер етуге тырысады. Автор бізді белгілі бір іс-әрекет жасауға итермелейді. Бұл жағдайда өзіңізді үгіттеуден қорғаудың ең сенімді әдісі – оқығаныңызды жете түсіну, ол сізге бейтарап болуға көмектеседі. Әдебиеттің бұл түрінде автордың жеке басы маңызды рөл атқаратындықтан, сіз қосымша әдебиетке немесе автордың өмірбаяны туралы ақпаратқа сүйене аласыз.

Дайындаған Бақытжан Салихов

506
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *