Негізі түрлі бағдарламаларды сынап көруге тырысамын. Бұрыннан бері сынақ жасауға көмектесетін ресурстарды іздеп жүруші едім. Бүгін сондай біреуін тауып, жасаған сынағым. Ең оңайын таңдадым, басты мақсат қалай көрініс табатынын көрсету. Ресурс ағылшын тілінде болғандықтан, мынаны ескеріңіздер:
- NAME деген жерге атыңызды жазасыз.
- START дегенді басу арқылы тестке өтесіз.
- Барлығы 10 сұрақ берілген. Сұраққа «дұрыс, бұрыс» дегенді таңдау арқылы жауап бересіз.
- NEXT «келесі» дегенді білдіреді, яғни келесі сұраққа өтіңіз.
- Тесттің соңында нәтижесін көруге болады.
- CORRECT деген «Дұрыс» жауап бердіңіз деген сөз.
- INCORRECT жауабыңыз «қате» болды деген сөз.
PS: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін оқыдыңыз деп сенемін 🙂
Келесі мысал көп нүктенің орнына тиісті сөз жазу арқылы орындалатын сынақ. Оны да орындап көріп, ойларыңызбен бөліссеңіздер алғысым шексіз болады.
641
«Қарлығаш пен Дәуітті» оқымасам да 100 пайыз көрсеткішім)))))… тест жасау жақсы екен, өзіміздің қолданатын құралға айналар…
Керемет 🙂 Екеуін де істеп көрдіңіз бе? Көп нүктенің орнына сөз жазу қалай екен?
Екінші сынақтың екеуі ғана дұрыс жауап((… қиындау екен (оңай тапсырма болғанымен)… мәтінді білу дәрежесін тексеру мақсатында жасалған сынақ болса, меніңше дұрыс емес. Ол өз кезегінде мәтінді жаттап алуға апарады (жақсы баға алу үшін текстті толығымен тек жаттап алу оқушыға ақыл қосады ма, ойландырту керек шығар)… бұны тестке де қолдануға келеді екен ғой (мысалы, тіл білімін, оның заңдылықтарын тексеру кезіндегі жақсы сынақ болатын сияқты)
Мәтін мысал ретінде алынды. Мәтінді жаттатуға өзім де қарсымын 🙂 Негізгі ойым айналасындағы сөздер арқылы түсіп қалған сөзді табу еді. Өйткені екі үш сөйлем берген жерде қандай сөз түсіп қалғанына сілтейтін ақпарат болуы керек. Кеше істеп көруге асыққанда көп ойланбадым ғой деймін 🙂 Бұл тапсырма түрін қай кезде қолдану керектігін біліп отырмын 🙂
бүкіл тестті жинақтап қойтын екен.
Кереметсің ғой, Бақытгүл! Аллам қолдарыңа дерт бермесін! Рақмет саған!
рақмет 🙂 пайдалы болады деп сенемін. Оқушылармен кеше істеп көрдік