Шотландияға сапарым: 10-күн

Бүгін міне Глазгода жүргеніме он күн болыпты. Былай қарасаң өте аз, бірақ өзіме осы жерде өте көп уақыт болғандай әсер қалдырады. Қала да, адамдары да, ауа райы да, жұмысым да, бәрі бірі ұнап жатыр. Бір ғана нақты шешілмеген нәрсе бар: ол пәтер мәселесі, бірақ оны да таңертеңгі сағат тоғыздағы кездесуде шешкендей болдым. Жаңа пәтердің бір бөлмесіне бір аптадан кейін көшемін. Сондықтан әзірге қонақжай Зарина мен Қуаныштың пәтерінде тұра тұруымнан басқа амал жоқ.

Сонымен күнде ерте үйден шығып жұмысымды істеймін, бүгін пәтер мәселесін шештім, арасында Глазго университетіне барып алдында жазылып қойған курсым туралы сөйлесіп келдім. Сөйтсе олар көрсеткен мекенджайға қабылданғаныңыз туралы хат жібереді екен. Менің аты жөнімді қате жазып қойыпты, сондықтан жеке барып сөйлесуіме тура келді. Университетің ID картасын екі аптаның ішінде алады екенмін. Қандай күшті!

Сонымен бірге университеттің негізгі ғимаратындағы The Hunterian деген музейге бардым. Қандай керемет мұражай, кіріп бір оншақты қадам жасағаннан кейін, шетелдіктер Қазақстанға келіп, біздің мұражайларға барғанда неге көп әсер алмайтынын түсіндім. Олар осындай мұражайларды көргеннен кейін, оларға әер ету үшін бұдан да мықты, бұдан қызық, таңқалдырарлық нәрсе болуы керек қой. Бұрындары да шетелге барып Амстердам, Бухарест, Гонконг, Рига, Таллин т.с.с. қалалардың мұражайларында болып, қандай күшті дегенім жолда қалды. Осы мұражай ішіне кіргеннен ерекше әсер етті, әсіресе мына тарихқа арналған залы.

IMG_2030 IMG_2034 IMG_2037

 

IMG_2052 IMG_2069 IMG_2072 IMG_2082 IMG_2111 IMG_2114

 

Глазго, Шотландия

жұма, 26.09.2014

482
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Шотландияға сапарым: 10-күн”
  1. kezinde imperia bolgan memleketterdin murajaylari keremet rasinda. kol astindagi barlik kundi zattardi shigarip oz elderine koygandari ushin ba kim bilsin.. Liverpool muzeyinde solay jazilgan edi ))

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *