Қазақ тілі мен технология
Күнделікті өмірде «флешка» деп атап жүрген USB flash drive қазақша қалай болады деген сұраққа жауап іздеуден туындаған жазба болды.
Сонымен ағылшынша түсіндірмесі: «A USB flash drive is a data storage device that includes flash memory with an integrated Universal Serial Bus (USB) interface».
Негізінде «флешка» сөзі сленг болып табылады, орыс тілінде оны «USB-флеш-накопитель» деп атайды.
Қазақ тіліне аударылып қолданылып жүрген нұсқасы болса, бөлісе отырыңыздар.
Ал мынау көңілді сергітетін сыйлық болсын, аудармасын айтпасаңыздар да, мүмкін жаңа дизайн ойлап табарсыздар
1644
Қытайдағы қандастарымыз оны бармақ жады (немесе бармақ дискі) деп аударып жүр.
«Бармақ жады» деген әдемі екен