Соңғы жаңалықтардың бірі елімізде «Қазнет Дода» байқауы өткізілейін деп жатыр. Осы байқау туралы толығырақ байқаудың сайтынан білуге болады.

Ұйымдастырушысы: «Ұлттық Интернет Ассоциациясы»

Номинациялары:

1. Мемлекеттік органдар;
2. Білім және ғылым;
3. БАҚ және жаңалықтар;
4. Жеке сайттар;
5. Мәдениет;
6. Спорт;
7. Қоғамдық ұйымдар;
8. Мекемелер мен компаниялар;
9. ҚазНет тұлғалары

Байқау қорытындысы 7 желтоқсанда, Екінші Астана Интернет Форумында жасалады.

Кезеңдері:

Бірінші кезең
11 қараша — 30 қараша
Байқауға қатысатын сайттарды және тұлғаларды тіркеу кезеңі. Қолданушылар тарапынан ұсынылған сайттар тексеруден өткеннен кейін тиісті номинациясына қосылады.

Екінші кезең
1 желтоқсан — 6 желтоқсан
Дауыс беру кезеңі. Қазнетте танымал тұлғалар, блогерлер, сайт иелері барлық номинациялар бойынша өз дауыстарын береді. Сауалнама қорытындысы бойынша үздіктер анықталады.

Қорытынды кезең
7 желтоқсан 2013
Астана Интернет Форумында «Қазнет Дода» байқауы қорытындыланып, номинациялар бойынша үштікке енген үздіктер марапатталады. Сондай-ақ 2013 жылы Қазнетке еңбегі сіңген тұлғалар анықталады.

Осы байқауға Білімпаз сайты да тіркеліп қойды. Уақыты келгенде, яғни 1- 6 желтоқсан аралығында дауыс беруді ұмытпаңыздар.

 

524
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *