Қай жаста болсаңыз да жаңа тілді қалай үйренуге болады? (1)

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді және ол қызығушылық ешқашан тоқтамайды. Әрине кейде бір тілдер басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрінуі мүмкін. Дегенмен адамның қызығушылығы мен сүйіспеншілігі ойға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Бала кезінде тілді жақсы үйренесіз, есейген сайын тіл үйрену қиындай түседі деген пікір бар. Оған көп адам сенеді. Сонымен бірге «тілге деген қабілетім бар», «тіл үйренуге қабілетім жоқ» деген тағы бір стереотип бар.

Зерттеулер де, ғалымдар да, психологтар да бірауыздан — барлық мәселе сізде, өзіңіз қаласаңыз асар тауыңыз, жетер шыңыңыз аз болмайды, сіздің қолыңыздан бәрі келеді, тек сол мақсатқа қарай табандылықпен, тәртіппен жылжыңыз деген жақсы кеңестер береді. Бірақ оны тыңдайтын адам бар ма? Сондықтан қазірге дейін өзінің қандай да бір тілді үйреніп алмағанына мұғалімді, кітапты, әдістемені т.с.с. мыңдаған себепті айтып кінәлайтындар әлі де толып жатыр.

Ержеткен сайын, яғни жасыңа жас қосылған сайын тілді үйрену мүмкін емес деген ойдың иллюзия екенін түсіндіретін Роджер Крез пен Ричард Робертстың «Ересектерге арналған шет тілі: неше жаста болсаңыз да тілді қалай үйренуге болады?» деген кітабын ұсынамын.  Бұл кітапты олар арнайы иллюзия (елес, жалған түсінік, ой, үміт) мен стереотиптерден (таптаурын ойлардан) арыла алмай жүрген ересектер үшін жазған.

Бұл кітап сіздерге тез нәтиже немесе жылдам оүйрену туралы ешқандай ақпарат бермейді. Бірақ өмір бойы үйренген дағдыларыңыз бен қабілеттеріңізді қалай қолдануға болатынын және тіл үйренгіңіз келгенде миыңызда қандай поцестер өтіп жатқанын түсіндіреді.

Жалғасы бар.

Бақытгүл Салыхова

9.01.2018

651
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *