Әріп «санға» қарсы: оқу әлде көру – қайсысы пайдалы?

«The Conversation» шолушысы Стивен Хан оқу (үйрену, білім алу) үшін қай ресурстар ең жақсы екенін талдайды.

Пандемия кезінде көптеген университет профессорлары баспа оқулық тапсырмаларын тастап, сандық мәтіндерге немесе мультимедиялық курстарға көшті.

Тіл білімі профессоры ретінде мен электронды коммуникацияның оқуға келгенде дәстүрлі баспа коммуникациясынан қалай ерекшеленетінін зерттедім. Адам мәтінді экраннан не қағаздан оқығанда бірдей түсіне ме? Бірдей материалдың мазмұнын тыңдау және көру шынымен де текст оқу сияқты тиімді ме?

Екі сұраққа да жиі «жоқ» деп жауап береді. Себептері әртүрлі факторларға байланысты, соның ішінде концентрацияның төмендеуі, ойын-сауық бағыттағы ойлау және цифрлық мазмұнды тұтыну кезінде көп тапсырмаға бейімділік.

Басылған мәтін мен цифрлық мәтін

Егер біз жүздеген сөздерден тұратын мәтіндер туралы айтсақ, онда қағаздан оқу экраннан оқуға қарағанда тиімдірек. Бірқатар зерттеулер бұл тұжырымды растайды.

Басылған мәтіннің артықшылығы, әсіресе, экспериментаторлар оқу үзіндісіндегі негізгі ойды анықтау сияқты қарапайым тапсырмадан мәтіннен қорытынды жасау сияқты ақыл-ойды абстракциялауды қажет ететін тапсырмаларға ауысқанда айқын көрінеді. Басылған мәтінді оқу барысында «Әртіс шашының түсі қандай?» сияқты нақты ақпаратты және оқиғалардың мән-жайы, мысалы, «Апат саяси төңкеріске дейін немесе одан кейін болды ма?» деген сияқты ақпаратты есте сақтау мүмкіндігі артады.

Зерттеулер көрсеткендей, бастауыш мектеп оқушылары да, университет студенттері де цифрлық түрде оқыса, оқуды түсіну тестінде жоғары балл жинайтынына сенеді. Дегенмен, олар тестілеу алдында материалды қағаздан оқыса жоғары ұпай жинайды.

Мұғалімдер стандартталған тестілеу үшін қолданылатын әдіс нәтижелерге әсер етуі мүмкін екенін білуі керек. Зерттеулерге сәйкес норвегиялық оныншы сынып оқушылары мен АҚШтың үшінші және сегізінші сынып оқушылары сынақтарды қағаз жүзінде тапсырған кезде жақсы нәтиже көрсеткенін. АҚШ-та жүргізілген зерттеуде цифрлық тестілеудің жағымсыз әсері оқылымнан үлгерімі төмен және инклюзивті оқушылар арасында көбірек байқалды.

Мен және әріптестерім бұл мәселеге басқаша қарадық. Студенттерге мәтінді оқып, тест тапсыруды сұраудың орнына, біз олардың баспа немесе цифрлық оқу материалдарын пайдаланған кезде оқуын қалай бағалайтынын сұрадық. Орта мектеп оқушылары да, колледж студенттері де сандық оқудан гөрі қағазда оқу зейінді шоғырландыру, үйрену және есте сақтау үшін жақсырақ деп жауап берді.

Бұл сәйкессіздіктер ішінара қағаздың физикалық қасиеттеріне байланысты. Адамдар көбінесе оқығандары туралы естелігін кітаптың қаншалықты терең немесе беттің қай жерінде болғанымен байланыстырады.

Бірақ сол сияқты менталды перспектива және оқылымды зерттейтін ғалымдар «үстірт гипотеза» деп атайтын нәрсе де маңызды. Бұл теорияға сәйкес, адамдар цифрлық мәтіндерге әлеуметтік желілер үшін қолайлы санамен қарайды және қағаз басылымдарды оқығаннан гөрі азырақ ақыл-ой күшін жұмсайды.

Подкасттар және онлайн видеолар

Студенттер сабаққа келмес бұрын лекцияларды тыңдап немесе видеосын қарайтын төңкерілген сынып әдісінің кең таралғанын ескере отырып, сонымен қатар көпшілікке қолжетімді подкасттар мен онлайн видеолар да бар, бұрын мектеп тапсырмасында мәтін оқу түрінде берілген атпсырмалар, енді тыңдау не көру түұріне ауысқан.  Бұл өзгеріс пандемия және виртуалды оқытуға көшу кезінде жеделдетілді.

2019 жылы АҚШ пен Норвегиядағы университет оқытушылары арасында жүргізген зерттеуде Ставангер университетінің профессоры Энн Манген екеуміз АҚШ-тағы оқытушылардың 32%-ы мәтінді бейнеге ауыстырса, 15%-ы дыбысы бар видеоны пайдаланып жатқанын анықтадық. Норвегияда бұл көрсеткіштер біршама төмен болды. Бірақ екі елде де соңғы 5-10 жылда көзқарасын өзгерткен респонденттердің 40%-ы бүгінде аз оқитындарын хабарлады.

Аудио-бейнеге көшудің негізгі себебі – оқушылардың берілген материалды оқудан бас тартуы. Бұл мәселе жаңа болмаса да, 2015 жылы 18 000-нан астам колледж түлектері арасында жүргізілген зерттеу тек студенттердің 21% тізімде берілген барлық шығармаларды (кітаптарды) оқитынын көрсетті.

Аудио және видео мәтіннен гөрі қызықтырақ болып көрінуі мүмкін, сондықтан педагогтар бұл технологияларға көбірек жүгінеді, мысалы, бір адамның мақаласын оқудың орнына TED видеосын көруді ұсынады.

Толық концентрация

Психологтар ересектер жаңалықтарды немесе көркем әдебиетті оқығанда, дәл сол үзінділерді тыңдағаннан гөрі, көбірек мазмұнды есте сақтайтынын көрсетті.

Зерттеушілер университет студенттері мәтіні бар подкастты тыңдаудан гөрі мақаланы оқығанда осындай нәтижелерге қол жеткізді. Осыған қатысты зерттеу студенттердің мәтінді оқығанға қарағанда аудионы тыңдау кезінде зейінін көбірек жоғалтатынын растайды.

Кіші жастағы оқушылардың нәтижелері де ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Кипрде жүргізілген зерттеу тыңдау және оқу дағдылары арасындағы қарым-қатынас балалардың еркін оқуды үйренген кезде өзгеретінін көрсетті. Екінші сынып оқушылары тыңдау кезінде мәтінді жақсы түсінсе, сегізінші сынып оқушылары оқу кезінде мәтінді жақсы түсінген.

Бұл зерттеулер басқа зерттеулердің нәтижелерімен сәйкес келеді. Мысалы, Испаниядағы зерттеушілер мәтінді оқитын төрт-алтыншы сынып оқушылары видеоларды көргендерге қарағанда материалға әлдеқайда тереңірек бойлағанын анықтады. Авторлар оқушылар, студенттер видеоны білімнен гөрі ойын-сауық ретінде қабылдағандықтан үстірт «оқиды» деп күдіктенеді.

Ұжымдық зерттеулер цифрлық медианың оқуға кедергі келтіретін ортақ ерекшеліктері бар екенін көрсетеді. Оларға зейін шоғырлануының төмендеуі, көңіл көтеру санасы, көп тапсырмаға бейімділік, есесптеуге арналған бекітілген физикалық  нүктенің болмауы, аннотацияларды шектеулі пайдалану және оқыған, естіген немесе көрген нәрселердің сирек қайталануы жатады.

Цифрлық мәтіндер, аудио және видео, әсіресе олар баспа түрінде жоқ болса, білім беру рөлін атқарады. Дегенмен ата-аналар мен мұғалімдер, ақыл-ойды шоғырландыру және пайымдау қажет кезде оқу барысында толық нәтижеге қол жеткізу үшін білімді ұсынатын барлық формалар бірдей деп ойламауы керек, тіпті олар барлық форматта бірдей сөздерді қолданса да.

Дереккөзі: https://theconversation.com/why-we-remember-more-by-reading-especially-print-than-from-audio-or-video-159522

514
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *