Өмір салтыңыздағы медитация

Салауатты өмір салты және стрессті жеңілдету туралы оқысаңыз, онда көбінесе өмір салтыңыздағы медитация туралы айтылады, дегенмен адамдардың көпшілігі оның не екенін және денсаулыққа қалай әсер ететінін әлі де түсінбейді.

Медитация өмір салты ретінде адамға үлкен мүмкіндіктер береді, бірақ бұл үшін оның не екенін түсіну керек.

Медитация емес

Көптеген адамдар медитация — бұл жағажайда отырып, толқындардың ырғағын, жағаға соғуын елестету деп ойлайды. Бұл қызық сияқты, бірақ бұл медитация емес, ойыңызды тыныштандырудың бір жолы. Шындығында медитация зейінді және үлкен психикалық энергияны қажет етеді.

Иә, сіз медитация кезінде демаласыз, бірақ сіздің ойыңыз жартылай ұмытылған күйде жалқау және баяу қалқып кететін сезім — медитация емес. Осы адасушылықтың кесірінен көптеген медитацияны жаңадан бастаған адамдар медитация кезінде ұйықтап қалады, олар қалжырап, санасы ұйқыға кетеді. Кейбір адамдар медитацияны аптасына бір рет жасауға болатын хобби деп те қабылдайды.

Медитацияға арнайы уақыт бөлу сізге жаңа әдет қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі, бірақ кейбір адамдар үшін медитация бір реттік әрекет емес, өмір салтына айналады. Сіз қай жерде болсаңыз да медитация жасай аласыз, бұл үшін лотос кейпінде отырудың қажеті жоқ.

Кейбір жаңадан бастағандар медитация сиқырлы техника және өмірдегі барлық мәселелерді шешеді деп ойлайды. Бұл олай емес. Ол өмірге бірте-бірте енуі мүмкін және бір түнде өзгеріс тудырмайды. Жаттығу, назар аудару және ойыңызды шоғырландыру — бұл әсерге жетудің жалғыз жолы. Медитация проблемаларды шешпейді, бірақ ол адамға кез келген қиындықты жеңе алатындай айқындық пен тыныштық береді. Оған қоса медитацияны позитивті ойлаумен шатастырмаңыз. Позитивті ойлар — бұл бізді бақытты немесе бақытсыз ететін тағы бір ойдың түрі ғана.

Медитация дегеніміз не?

Медитация — бұл күні бойы өз басыңызда туындаған ойларыңызды бақылау және назар аудару тәжірибесі. Біз өмірімізде кездесетін қиындықтарды жеңе алмаймыз деп жиі ойлаймыз.

Шындығында, біз бұл проблемаларды ойлап тауып, өзімізге, ойымызға жібереміз, олардың басымызды дыңылдатып, өмірімізді улауына жол береміз. Біз қорқамыз, алаңдаймыз және жүйкеміз сыр береді.

Медитация барлық мәселелердің сыртта екенін түсінуге және оларды ішке жібермеуге көмектеседі. Сіздің өміріңізде нағыз дауыл соғып жатуы мүмкін, бірақ сіз өз ішіңізде сабырлы және тыныш боласыз. Өз ақыл-ойыңызды бақылай отырып, сіз өмірдегі барлық кедергілерді жеңуге күш-қуатыңыз бар екенін түсінесіз, сіздің ішкі күйіңізге сыртқы факторлар емес, тек сіз ғана жауаптысыз.

Өмірге жаңа көзқарас

Өзіңіздің ойларыңызды бақылай отырып, сіз мынадай қызықты байқайсыз — кейде сіздің басыңызда мүлдем ой жоқ кездер болады. Бұл бос кезді көбейтуге және сол кезде «демалуға» болады. Егер сіз таза сана сәтінде өзіңізге, жақындарыңызға, жұмысыңыз бен хоббиіңізге қарасаңыз, өзіңіздегі барлық адасулар мен иллюзияларды көре аласыз. Осы «ақыл-ой ойындарын» көргенде, өз өміріңізді жақсы жаққа өзгерте аласыз және осыны сезген уақытта өзіңіздің ештеңеден қорықпайтыныңызды білгенде, мұны істеу оңай болады.

Медитацияның әсері тіпті физиологиялық тұрғыдан да байқалады, осыған дейін жиналған әртүрлі мәдениеттердің жетістіктері мен ғажайыптары, көп ғасырлық тәжірибесі сенім ұялататыны сөзсіз. Медитацияның барлық артықшылықтарын сезу үшін сізге ақы төлеудің қажеті жоқ — сізге тек сана мен тілек қажет. Сіз күн сайын жаттығуды екі минуттан бастай аласыз және бірте-бірте медитация жасауды үйрене аласыз.

483
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *