Адамның болашағы

Адамның болашағы туралы ой бәрімізде бар. Болашақ алыстағы, қол жетпес кезде болатындай көрінеді. Бірақ адамның болашағы одан ертерек басталатынын біліп пе едіңіз?

Джн Кехоның «Түпсана күші» кітабындағы мына ойға назар аударыңыздар:

«Адамның болашағы оның өзінде, дәл осы сәтте оның ішінде өмір сүреді (Авраам Маслоу)

Қазіргі уақытта сіздің өміріңізде болып жатқан нәрселер жай ғана кездейсоқтық емес, сіздің санаңыздың өткен шақтағы жұмысының нәтижесі. Сіздің «бүгінгі күніңіздің» тамыры өткенде жасырылған.

Мынадай ұқсастықты қарастырайық: аспанға қарап, жұлдыздарды көргенде, сіз олардың өткенін көресіз, өйткені бұл жұлдыздардың кейбірі енді жоқ. Жұлдыздар бізден жүздеген, мыңдаған жарық жылдар қашықтықта орналасқан және секундына 186 000 миль жылдамдықпен таралатын жарық Жерге жүздеген, мыңдаған жылдар өткен соң ғана жетеді.

Сондықтан біз көретін жұлдыз жарығы одан жүздеген жылдар бұрын шыққан. Бұл жұлдыз жиырма бес жыл бұрын жарылуы немесе сөнуі мүмкін еді, бірақ біз оның жарығын әлі де көріп тұрмыз және жұлдыздың өзі әлдеқашан жоғалып кеткенімен, оны тағы жүз жыл көреміз.

Миыңыздың күшін пайдаланған кезде әрқашан осы ұқсастықты есте сақтаңыз, өйткені ойыңызды өзгерткен соң, сіз өмір сүріп жатқан шындықтың өзгергенін бірден байқамайсыз. Жаңа сананы дамыта отырып, сіз ескі шындықта өмір сүруді жалғастыра беретін уақыт шеңбері әрқашан болады.» (Джон Кехо «Түпсана күші»)

Аударма жасаған Бақытгүл Салыхова

690
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *