Адам мен басқа тіршілік формаларының генетикалық ұқсастығын салыстыру

Тірі жанның ағзасындағы үш миллиард генетикалық құрылыс блоктарының ішінде бірен-сарандары ғана қайталанбас, бірегей екен. Негізінде, біздің сыртқы айырмашылығымызға қарамастан, адамдар 99,9% генетикалық жағынан бір-біріне ұқсас.

Алайда біз адам санатына жатпайтын тіршілік иелеріне қаншалықты ұқсаймыз?  Сұраққа жауап іздеп жүріп, ұқсастығымыз біз ойлағаннан да әлдеқайда көп екенін көруге болады!

Ғалымдар әр түрлі тіршілік формаларының генетикалық құрылымын салыстыру үшін

салыстырмалы геномиканы қолданады.  Салыстырмалы геномика – тіршілік иелерінің әр түрлерінің геномдық тізбектерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау үшін салыстыру жүргізетін биология саласы.

Зерттеудің бұл саласының маңыздылығы мынада, ол:

• Эволюцияны және тірі ағзалардың уақыт өте қалай бейімделгенін жақсы түсінуге көмектеседі.

• Гендер және олардың біздің ағзамыздың әр түрлі жүйелеріне әсері туралы білімді қалыптастырады.

• Ауыл шаруашылығында, әсіресе құрып кету қаупі төнген тіршілік түрлерін сақтап қалуда кеңінен қолданылады.

Адам геномын зерттеу ұлттық институтының (NHGRI) мәліметтері бойынша, ғалымдар қазірдің өзінде 250-ден астам жануардың және 50 құс  түрінінің геномдарын реттеп зерттеген.

Адамның басқа тіршілік формаларымен салыстырғандағы генетикалық құрылымы

Таңқалмаңыз: Шимпанзе адамның жануарлар әлеміндегі ең жақын генетикалық туыстарының бірі.

Шимпанзе біздің жақын туыстарымыздың бірі болғанымен, басқа тіршілік иелері де адамдармен тығыз байланысты –  және бұл сіз ойлағандай емес.

Мысалы, NHGRI деректері бойынша жеміс шыбындары генетикалық тұрғыда адамға 60% ұқсас.

Бұл бастапқыда түсініксіз болып көрінуі мүмкін, өйткені адамдар мен жәндіктердің сырт әлпеті өзгеше ғой. Алайда, біз өмірді қамтамасыз етуге керек негізгі қажеттіліктеріміз, мысалы, оттегін тұтыну, бірдей болғандықтан, бұл ұқсастықтар біздің генетикамызда айқын көрінеді.

Салыстыру санаты
Генетикалық ұқсастық деңгейі  
Адамдар мен адамдар99,9%
Адамдар мен шимпанзелер98,8%
Адамдар мен иттер94%
Адамдар мен мысықтар90%
Адамдар мен сиырлар80%
Адамдар мен жеміс шыбындары60%
Адамдар мен банандар60%

ДНК мен гендер

Генетикалық тұрғыдан ұқсас болу, ол ДНК тұрғысынан ұқсас болу дегенді білдірмейтінін атап айтқымыз келеді. Гендер (ДНК-ның ақуызды өндіретін бөлігі) сіздің ДНК-ның 2% дейін құрайды, ал сіздің геномыңыздың қалған бөлігі ғалымдар «кодталмайтын ДНК» деп атайтын бөліктерден тұрады. Осылайша, банан генетикалық жағынан 60%-ға адамға ұқсас болса да, біздің ДНК-ның тек 1,2% -ы ғана ортақ болып келеді.

Дайындаған Бақытжан Салихов

408
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *