Алжыған ағайдың әңгімелері: адамдар қастандық теориясына неге сенеді?

Әр қаланың ауласында алжыған ағайдың әңгімелері, оның ішінде адамдар қастандық теориясына неге сенеді деген талқылаулар да болып жататыны сөзсіз.

Ғалымдар түрлі зерттеулер жүргізіп, үлкен өтірікке сенетін тұлғалардың бірнеше түрін анықтады.

Коронавирус пандемиясы көптеген қауесеттер мен теорияларды тудырады. Кейбіреулер бұл вирусты Қытай үкіметі жасанды түрде жасады десе, басқалары оның қаупін тым асыра сілтеп жіберді дейді. Бұл теориялардың төтенше көріністерінде каннибалдар мен педофил сатанистер, корпоративті көшбасшылар мен атақты кейіпкерлер, кесіртке адамдар, сондай-ақ зұлым ғалымдар мен үкіметтер пайда болып, Ковид-19-ды өздерінің қараңғы мақсаттары үшін қолданады дегендей сөздер айтылады.

Америкалықтардың шамамен 50%-ы кем дегенде бір қастандық теориясына қатты сенеді, дегенмен бұл пайыз тіпті жоғары болуы да мүмкін. Соған қарамастан, психологтар үлкен өтірікке тез сенетін адамдардың түрлерін анықтай алмайды, олар туралы түсініктері нашар.

Атлантадағы зерттеу тобы осы уақытқа дейін жасалған ең жан-жақты талдауында қастандық теориясына сенетін адамдардың бірнеше тұлға профилінің эскиздерін жасады, олар бір-бірінен қатты ерекшеленеді.

Олардың бірі бізге таныс: әділетсіздік жағдайларын жинаушы, импульсивті және өзіне сенімді, өзінен басқаның бойындағы аңғалдықты табуға, көрсетуге тырысады.

Екіншісі онша таныс емес: алшақ, мазасыз адам, көңіл-күйі төмен және оқшауланып жүреді, бәлкім, жасы үлкен және жалғыз тұратын адам. Оған қоса нағыз патологияның элементі де ашылды — психиатриялық жаргонмен айтсақ «жеке басының (психикалық) бұзылуы».

«Барлық ақылсыз саясат пен поляризация кезінде қастандық теориялары адамдардың ойлауы мен мінез-құлқында бұрынғыға қарағанда маңызды рөл атқаруда», — деді зерттеу тобын басқарған Эмори университетінің зерттеуші психологы Шон Бозе. Ал осы уақытқа дейін қастандық теориясына сенудің психологиялық негіздері туралы ортақ түсінік болған жоқ. Біз өз жұмысымызда осы мәселені шешуге тырыстық».

Қастандық теорияларының түбі, әрине,  тереңде жатыр. Кейбір ғалымдардың пікірінше, қауымдар шағын және осал болған заманда жасырын қастандықтар болуы мүмкін екеніне мән беру керек болды. Бұл жеке өмір сүру, тірі қалу мәселесі десек те болады. Қазіргі дәуірде Теодор Адорно мен Ричард Хофстадтер сияқты ғалымдар қастандық теориялары мен паранойяларға сену саяси қозғалыстардың негізгі элементтеріне айналды деп есептейді.

Психологтар бұл тақырыпты соңғы онжылдықта ғана байыпты зерттей бастады, олардың қорытындылары әртүрлі және қалыптасқан көзқарастарға сәйкес келеді. Адамдар қастандыққа деген сенімді терең реніштен кейін жұбаныш ретінде қабылдайды. Қастандық теориялары мағынасыз болып көрінетін әлемді түсінуге көмектесетін психологиялық якорь сияқты, бақылау сезімін, ішкі сенімді қамтамасыз етеді.

Фармацевтикалық компаниялар өз өнімдерін сату үшін ауру туғызады деген сенім, мысалы, қайдан пайда болғаны түсініксіз  шынайы қауіпті ауруларға деген көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі. Біз пандемия мен оның саясаттағы рөлі туралы қастандық теорияларын тезірек шешуіміз керек сияқты. Өйткені бұл жалған сенімдер миллиондаған адамды денсаулық сақтау жүйесінің кеңестерін елемеуге итермелеуі мүмкін. Регина университетінің бизнес мектебінің бихевиористі Гордон Пенникук: «Бұл идеал дауыл, өйткені қастандық теориялары аурудан, өлуден немесе басқа біреуге ауру жұқтырудан қорқатындарға бағытталған», — дейді. «Бұл қорқыныштар адамдар интернеттен оқитын мазмұнның сенімділігін бағалауына кедергі жасайды».

Journal of Personality журналында жарияланған «Фольгадан жасалған бас киім астында» атты жаңа зерттеуде Шона Боуз, Скотт Лилинфельд және олардың командасы 2000-ға жуық ересек адам арасында стандартталған тұлғалық сауалнама сериясын жүргізді.

Зерттеу екі элементтен тұрды. Біріншіден, ғалымдар әр адамның қастандық теориясына сену/сенбеуін бағалады. Қатысушылардан «кейде НЛО туралы айғақтар мен қауесеттер жұртшылықты нақты бөтен адамдармен байланыстан алшақтату үшін жоспарланады» немесе «үкімет өзінің қылмыстық әрекетке қатысын жасыру үшін адамдарға жауапкершілікті ысыра салады» деген сияқты жалпы мәлімдемелердің шынайылығын бағалауды сұрады. … Содан кейін еріктілерге «америкалық билік СПИД эпидемиясын әдейі қолдан жасап, оны 1970 жылдары қара нәсілділер мен гейлер арасында таратты» деген сияқты нақты оқиғаларға байланысты мәлімдемені де дәл осылай бағалауды сұрады.

Зерттеуге Эмори университеті онлайн және жеке шақырған еріктілер қатысты. Сауалнамаға қатысқандардың 60% -ға жуығы төмен балл алды, бұл олардың мұндай теорияларға төзімді екенін көрсетеді, ал қалған 40% -ының нәтижесі орташа немесе орташадан жоғары болды.

Зерттеудің екінші кезеңінде зерттеу тобы қатысушыларға бірнеше стандартты жеке сауалнамалар таратты. Олардың бірі жалпы, біршама тұрақты сипаттар туралы болды, мысалы, саналы, көпшіл, екіншісі — алаңдаушылық пен ашуланшақтық сияқты көңіл-күйлер, ал үшіншісі — шектен шығу, мысалы, нарциссистік тенденциялар. («Маған өзімнен басқа маңызды емес адамдармен жиі араласуға тура келеді.»)

Зерттеу тобы жеке тұлғаның қай аспектілері қастандық теорияларына бейімділіктің жоғары деңгейімен ең күшті корреляция жасайтынын өлшеді. Мысалы, саналылық, қарапайымдылық және альтруизм сияқты қасиеттер адамның қастандық теориясына бейімділігімен өте әлсіз байланысады. Ашу немесе шынайылықтың деңгейіне немесе өзін-өзі бағалау бойынша ешқандай айқын байланыс болған жоқ.

«Есіңізде болсын, жеке тесттер біз түсінбейтін нәрсені өлшеудің ең жақсы әдісі емес», — дейді Бозе. «Олар бұлыңғыр түсінік береді, әсіресе бірінші рет өткізгенде».

Қастандық теориясына сенумен тығыз байланысты екендігі анықталған тұлғалық қасиеттер біздің әдеттегі күдіктеріміз: өзімшіл импульсивтілік, байсалдылық, депрессияның жоғарылауы және алаңдаушылық. Тағы бір түрі тұлғалық бұзылуларды бағалауға бағытталған сауалнамадан алынды — «психотизм» деп аталатын ойлау моделі.

Психотизм — жеке тұлғаның шизотиптік бұзылуының негізгі белгісі, ол ішінара «біртүрлі сенімдер мен ыңғайсыз ойлаумен», сондай-ақ «параноидтық идеялармен» сипатталады. Психиатрия терминдерімен айтқанда, бұл шизофренияға тән қайталанатын сандырақ күй, толыққанды психоздың жеңіл түрі. Бұл банальды ырымшылдықтың шегінен асып түсетін архаикалық ойлаудың мысалы; қоғам әдетте бұл адамдарды өзін өзі ұстай алмайтындар немесе әдеттен тыс әрекет ететіндер деп есептейді.

Уақыт өте келе, кейбір ғалым немесе терапевт шынайылыққа сәйкес келмейтін қастандық теориясына сенетіндерге диагноз қоюға тырысады. Әзірге, Пенникуктың айтуынша, адамдар бір нәрсеге алаңдағанда, дереккөздерді мүлдем тексермей-ақ, тақырыптар мен мақалаларды бір-біріне жеңіл жібере салатынын білу жеткілікті.

«Адамдар жалған мазмұн таратқысы келмейді», — дейді ол. «Бірақ адамдар вирусқа алаңдап тұрған кезде «С дәрумені Ковидті емдейді» немесе «Мұның бәрі алдау» деген тақырыптар тез тарайды. Ақырында бұл ақпараттар «алжыған ағатайға» жетеді, ол кейін оны пікірлестеріне жеткізеді.

Құпия үкіметтің қастандық теориялары ешқашан сәннен шықпайтын сияқты және олар белгілі бір дәрежеде ресми қастандықтан қорғаныс қызметін атқарады. Ал мультфильмдегі қансорғыштарға келетін болсақ, олар да ешқайда кетпейді. Олардың да өз аудиториясы бар, ал цифрлық заманда қатысушылар бір-бірін тез табады.

Дайындаған Бақытжан Салихов

113
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *