Алматы кітапханаларында қандай тегін білім алуға болады?

Балаларға қала кітапханаларына жазылып, кітап оқу ғана тегін емес, ол жерде тегін білім алуға да болады екен!

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы

Аптаның әр сейсенбі мен сенбі күндері математика пәнінен тегін курс өткізеді. Бұл курс 5-9 сынып оқушыларына арналған. Өтетін уақыты 13:00-14:30.

Кітапхана мекен жайы: Назарбаев даңғылы, 43 үй

А.П.Чехов  атындағы орталық қалалық кітапхана

Бұл кітпаханада 12-21 жас арасындағы балаларға “Пікірсайыс” үйірмесі ұйымдастырылған. Ол жерде сіз ораторлық қабілетті дамытуға, сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлауға үйрене аласыз.

Байланыс телефоны 87052037863 (whatsapp).

Өткізілетін орны: Гоголь кошесі, 109  үй.

https://www.instagram.com/chekhov_kitaphanasy.okzhalmaty/

Бегалин атындағы балалар кітапханасы

Бұл атақты кітпахананың білім беру жүйесі өте керемет – кітапхана сайтында тегін 15 үйірме тізімі берілген.

Тағы да қайталап айтайық Бегалин атындағы кітапхананың барлық үйірмелері тегін!

Бізге ең қызықты болып көрінген төрт үйірмені атап өтейік:

“Мен өзім! Оқимыз, үйренеміз, ойнаймыз” (“Я сам! Читаем, учимся, играем”)

Бұл үйірме мектеп жасына дейінгі 4-6 жастағы баларға арналған. Шығармашылық сабақтары казақ және орыс тілдерінде әр сейсенбі күні сағат 16:30-да бірінші ойын бөлмесінде өткізіледі.

Толық ақпаратты 2913976 телефоны арқылы алуға болады.

Шахмат ойнау академиясы

Бұл үйірме алтыдан он алтыға дейінгі балаларға арналған.

Өткізілетін уақыты дүйсенбі және жұма күндері сағат 10:00-де және 11:00-де.

Ақпарат алу үшін 2913768 телефонына хабарласыңыздар.

“Robotics Lab” роботехника бойынша курстар

Робот жасау 7-16 жастағы балаларға үйретіледі.

күні  09:00-14:30 аралығында ір жастағы бүлдіршіндердің 5 тобы жұмыс істейді.

Қай сағатта қай жастағы топтар жиналатынын 2913768 және 2938413 телефондары арқылы сұрап біліңіздер.

“Шәйнектерге” арналған” (“Для чайников”) компьютер курстары

Ең қызығы бұл курсқа аталар мен әжелер ғана шақырылады. Сабақтар дүйсенбі мен жұма күндері сағат 10:00-де қазақ тілінде, сағат 11:00-де орыс тілінде жүргізіледі. Толығырақ 2913768 телефонынан біліңіз.

Басқа үйірмелер туралы білгіңіз келсе мына сілтеме ойынша парақшаның төмен жаңындаңы кітпахана хабарландыруын қараңыз http://www.spring.kz/kk/bookhouse/guide/

https://www.instagram.com/begalinka.library/

Дайындаған Бақытжан Салихов

869
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *