Кеше, яғни, 31 наурызда Алматы қаласында Республика сарайының фойесінде «Алма» отбасылық демалыс фестивалі өтті. Осы көктемде өткен фестиваль «Гүлден жасалған кемпірқосақ» тақырыбын ашуға тырысты.

Бұл фестиваль жылына төрт рет өтіп тұрады: көктемде, жазда, күзде, қыста. Әр кез өзіне тән тақырып төңірегінде өтеді және қолөнер, қолданбалы өнер техникалары бойынша шеберлік сыныптар, әр мезгілге сай балаларға арналған ойындар мен білім бағдарламалары, тақырыптық байқаулар өткізіледі. Шеберлердің жасаған бұйымдарының көрмесі өткізіледі, сонымен қатар оларды сатып алуға да болады.  Фестивальда балалар шығармашылығымен айналысатын мектептер, студиялар, компаниялармен танысып, тығыз байланыс орнатуға болады.

Өкінішке орай бұл фестивальдың болатыны туралы да, өткені туралы да қазақ басылымдарынан ақпарат таба алмағаным қатты қынжылтты.

Дегенмен бұл фестивальға көп адамның балаларымен бірге барып тұратынын, сол жерде түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, балаларымен бірге әртүрлі бұйымдарды жасап көріп, тәжірибе жинайтынын жақсы білемін.

Gulden zhasalgan kempirkosak

 

450
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *