Астана қызықтары:
1. Театрға баруды жоспарладық. Интернеттен ақпаратты іздеп телефон соқсақ, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Қостанай қаласына гастрольге кетіп қалыпты. Бірінші мамырға дейін қойылым болмайды екен.
2. (Тағы да) интернет арқылы Оқушылар сарайында концерт болатынынан хабардар болып, тез жиналып баруды шештік.
3. Астана кептелісін көрдік.
4. Аздап кешігіп барсақ та, әлі басталмапты. Сол жерде концерт емес, «Шалқыма» би ансамблі өнер көрсететінін білдік.
5. Бимен бірге күй де ойналды, ән де шырқалды.
6. Менің ойымша тез бітіп қалды (бір сағатқа жетер жетпестей). Дегенмен тамаша болды.
7. Астананың журналистері жаңалықтан құр қалып, ұйықтап жүре ме деген ойға қалдым 🙂

Ал енді суреттерді тамашалаңыздар!

638
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *