Асқабақ пен алма шырыны
Қыста жаз бен күзді еске алғыңыз келе ме? Онда қазірден бастап асқабақ пен алмадан шырын жасауға кірісіңіз. Міндетті түрде жасап көріңіз. Өкінбейсіз. Дайындау уақыты 30 мин.
Сізге қажет:
Асқабақ 1 кг
Су 1–1¹⁄₂ л
Алма 500 г
Қант 150 г
Лимон қышқылы ¹⁄₂ шай қасық
Ескерту: аршылған асқабақ пен алманың салмағы көрсетілген
Жасалу жолы
- Асқабақты турап, кастрөлге салыңыз. 150–200 мл су құйып, қайнатыңыз.
- Сол уақытта алманы кесектеп тураңыз. Асқабақ қайнаған кезде алманы салыңыз.
- Отты баяулатыңыз да, қақпағын жауып қойыңыз. Жұмсарғанша пісіріңіз.
- Сонан соң барлығын блендермен араластырып, жақсылап езіңіз.
- Үстіне қалағаныңызша ыстық су құйыңыз.
- Қант пен лимон қышқылын қосып, ерігенше араластырыңыз. Қаласаңыз көбірек қант салыңыз.
- Содан кейін тағы да 10 минут қайнатыңыз. Бетіндегі көпіршігін алуды ұмытпаңыз.
- Дайын шырынды зарарсыздандырған банкіге құйып, қақпақпен жабыңыз. Төңкеріп қойыңыз да, сүлгі немесе жамылғымен жауып, суытыңыз.
Өте дәмді шырын!
Ас болсын!
443