Қобалжудан қалай арылуға болады? 6 жолы

Әр нәрсеге қобалжи беру тиімсіз, тіпті зиян да! Қобалжу әдетінен арылуға шешім қабылдасаңыз, біз сізге осы мақсатқа жетуге көмектесетін кеңестер тізімін беруге дайынбыз. Кез келген әдеттен арылуды маңызды жоба деп қарастырыңыз. Сондықтан бар ынтаңызды салып іске кірісіңіз. Сонымен, қобалжудан қалай арылуға болады?

Барлығы СІЗДІҢ бақылауыңызда екенін түсініңіз. Алғашқы қадам – ​​қобалжу керек екенін немесе ештеңеге алаңдамау туралы шешім қабылдаңыз. Бұл шешімді тек қана біз өзіміз қабылдайтынымызды түсініп, өз өзіңізге сеніңіз. Осылай  болғанда ғана сіз болып жатқан жағдайға әсер етіп, осы жағдайдың басшысы бола аласыз.

Мазасызданудың әдет екенін мойындаңыз. Кез келген әдет сияқты, оның инерциясы бар, бірден жеңілдік күтпеңіз. Бірақ сіз кез келген әдеттен бас тарта аласыз.

Болашақ туралы ойлауды ұмытпаңыз. Э. Джозеф Кроссман: «Егер сесте сақтау қабілетіңізді тексергіңіз келсе, дәл бір жыл бұрын сізді не қобалжытқанын еске түсіруге тырысыңыз» деген екен. Сіз бұл туралы әлі де алаңдайсыз ба? Бір жылдан кейін, он жылда немесе жүз жылдан кейін бұл маңызды бола ма?

Өз қорқыныштарыңыздан бас тартпаңыз. Нельсон ДеМилл: «Әйтеуір біз қорыққан шайтандарымыз олармен бетпе-бет кездескенде біз күткендей емес болып шығады», — деген екен. Сізге үрей туғызған нәрсені жасағаннан кейін, оның сіз ойлағандай қорқынышты емес екенін түсінесіз. Уақыт өте келе осылайша барлық уайымнан арылуға болады.

Бәрін және барлығын бақылауға тырыспаңыз. Сіз бүкіл әлемді басқара алмайсыз. Өзіңіз әсер ете алмайтын жағдайлар көп туады, сондықтан сіз оларды жай ғана қабылдап қоюыңыз керек. Бұл біздің өміріміздің бір бөлігі және жан толқуы мен қобалжу арқылы ештеңені де өзгерту мүмкін емес.

Өзіңізге соншама салмақты және байыпты қарауды тоқтатыңыз.

Егер сіздің қолыңыздан бірдеңе жасау келмесе, онда тұрған не бар? Егер сіз қателессеңіз, ақырзаман бола ма? Сіздің маңыздылыңығыз соншама маңызды ма? Сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз әлем жойылып кете ме? Алдыңызда тұрған мәселелерді және бұл өмірдегі өз орныңызды дұрыс бағалай біліңіз.

Осы кеңестер сізге пайдалы болды деп үміттенеміз. Әлемді әзілмен сабырлы болып қабылдаңыз және болашаққа сеніммен қараңыз.

Дайындаған Бақытжан Салихов

1383
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *