5 қыркүйек — Ахмет Байтұрсыновтың туған күні

Бүгін, 5 қыркүйек қазақтың маңдайына біткен алып тұлғасы, алаш қайраткері,  ақын, педагог, әдебиеттанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл (Сарытүбек) ауылында дүние есігін ашқан. Дәл бүгін Ахмет атаның дүние есігін ашқанына 147 жыл толып отыр.
Оның «Қырық мысал» атты алғашқы кітабы 1909 жылы жарыққа шықты.

Ахаңның арманы қазақ ұлтының білімді, құқығы қорғалған, алдыңғы қатарлы ұлттардың бірі болуы. Ол осы мақсатын орындау үшін қазақ балаларын оқытқан. Қазақ балаларына арнап, «Оқу құралы» атты кітап та шығарған.

«Balapan» арнасында «Дара тұлға» деп аталатын анимациялық жоба бар. Осы жобада көптеген танымал тұлғалармен таныса аласыздар.
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмді тамашалаңыздар.

435
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *