Ағзадағы артық сұйықтық: бұл не және қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

Ағзада артық сұйықтық бар-жоғын қалай түсінуге болады?

Сұйықтықтың ағзада ұсталып қалуының ең айқын белгісі –  ісіну. Бет ісінеді, аяқ ауырлап, оның көлемі ұлғаяды, саусақтар ісінгенде сақина да тар болып, шешу қиындайды. Бірақ артық сұйықтық ісінудің басталуына дейін, тіпті әлдеқайда ертерек пайда болуы мүмкін.

Гарвард медицина мектебінің мамандары салмақтың өзгеруіне назар аудару керек дейді. Егер сіз өмір салтыңызды өзгертпеген болсаңыз, алайда таразы кенеттен 1-2 кг артық салмақты көрсетсе, оның себебі сұйықтықтың жиналуынан болуы мүмкін.

Денеде неге артық сұйықтық жиналады?

Денеде сұйықтық жиналып қалуының әртүрлі себептері бар. Оның ішінде табиғи және салыстырмалы түрде зиянсыз себептері де кездеседі. Мысалы:

• әйелдердің етеккір алдындағы синдромы және жүкті болу кезінде;

• өте тұзды тағамдарды жегенде;

• қозғалыссыз ұзақ жатқанда немесе отырғанда, мысалы, ұшақта немесе автобуста көп сағат отырғанда аяқтарыңызда сұйықтық жиналып қалады.

Сонымен қатар, ісіну кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсері болуы мүмкін. Атап айтқанда, гипертония мен қант диабеті үшін тағайындалған препараттар, эстрогенге негізделген гормондық препараттар, стероидтердің әсерінен ағзада сұйықтық жиналуы мүмкін. Тіпті ибупрофен және басқа дәрілер кейде сұйықтықтың жиналуына әкеледі.

Ісіну сонымен қатар ауыр жағдайларда да болады, мысалы:

• созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;

• бүйрек ауруы;

• цирроз;

• созылмалы веноз жеткіліксіздігі;

• лимфа жүйесіндегі қиындықтар;

• ақуыздың ұзақ мерзімді жетіспеушілігі.

Артық сұйықтықты ағзадан шығару керек пе?

Сау адамдар үшін сұйықтықтың ағзада жиналуы сырт келбетінің әдемілігіне әсер ететіндіктен —қиындық тудыратын мәселе. Етеккір кезінде, гормональды өзгерістер болғанда немесе түнде жеген майшабақ тудырған ісіну әдетте бірнеше күн ішінде өздігінен өтеді. Бұл үрдістерді тездету немесе «өзі кетеді» деп ештеңе істемеу сізге байланысты. Бірақ егер ісіну қайталанып, тұрақты болып қалса немесе денеңізде бар аурулардың негізінде пайда болса, мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруы бар болса, сіз артық сұйықтықтан арылуыңыз керек. Әйтпесе, ол жүрекке, бүйрекке, тамырларға қосымша ауырлық түсіріп, жағдайыңызды нашарлатады.

400
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *