Ақша жинауға көмектесетін психологиялық қулықтың 3 түрі

Ақша жинауға да икеміңіз болу керек және ол интеллект пен күш жігеріңізге байланысты емес, көбінесе сыртқы әсерлерге байланысты болады.

Барлық адам үнемдегісі келеді, бірақ бәрінің қолынан келе бермейтіні де рас. Венди де ла Роса адамды қаржылық дәулетке әкелетін әдеттерді зерттейді және өзінің TED  конференциясында сөйлеген сөзінде осыған әкелетін құпияларымен бөліседі.

1. Алдын ала жоспарлаңыз

Венди мен оның әріптестері қызық фактіні анықтайды: адамдар алдын ала жоспарласа ғана көбірек ақша сақтауға ниетті екен. Ал қолыңда ақша тұрған кезде жұмсамай алып қалу туралы ойлау қиынырақ.

Мысалы, АҚШта салық декларациясын тапсрығаннан кейін азаматтарға төленген баж салығының бір бөлігі қайтарылады және бұл ақша бонус ретінде қабылданады. Адамдар бір бөлігі осы ақшаны аяқ астынан алғысы келген затқа жұмсай салса, басқалары жинақ қорына салады. Зерттеу барысында екі топқа бірдей сұрақ қояды: қайтқан салықтың қанша пайызын жинақтауды жоспарлап отырсыз? Бірінші топқа бұл сұрақты ақшаны қайтарып алған кезде бірден қояды және жауап берушілердің 17% сақтаймыз дейді. Ал екінші топтан декларация берер алдында сұрайды және адамдар ақша қайтара ма, жоқ па, ол жағын әлі нақты білмейтін еді. Осы топтағы жауап бергендер  17 ден 27% дейін болады.

Мұндай өзгеріс нені көрсетеді? Яғни екінші топтағы адамдардың өздерінің болашақта жолы болғыш және қабілетті адам екендеріне сенімін көрсетеді. Мұндағы қулық өз алдыңа міндет қоя отырып осыны жоспарлау барысында қолдану.

Айталық егер сіз картаңызға түскен ақшадан ай сайын депозитке аударылып отыратын ақшаны автоматты түрде қосып қойсаңыз, картаға түскен ақшаны бірден құртып тастауға деген құлшынысыңыз азаятыны сөзсіз.

2. Өтпелі кезеңді пайдаңызға жаратыңыз

Психологияда «таза бет» құбылысы бар, яғни жылдың, семестрдің  басында немесе туған күннің алдында адамның мотивациясы күшееді. Бұл ақша жинақтаумен де байланысты екенін де ла Росаның тағы бір  эксперименті дәлелдейді.

Қарт адамдарға үйді жалға беруге арналған сайтты жарнамалау барысында олар әлеуметтік желілерге сол жас категориясына сәйкес екі түрлі жарнама салады. Бірінші баннерде мынадай жазу болады:  «Сіз қартайып жатырсыз. Зейнетке дайынсыз ба? Бөлмені жалға беру көмектеседі».

Екінші баннерде «Сіз қартайып жатырсыз.» деген сөйлемді «Жақында 65-ке толасыз ба?» деген сөзге ауыстырады және бұл жарнама арқылы көп тіркелу мен сайтқа өту болғанын айтады.

Осының өзі «таза бет» құбылысының дәлелі. Әрекетке шақыру тек адамның жасын еске салумен жүзеге асқанын көресіздер. Осындай өтпелі кезеңдерде мотивация өте жоғары болады және оны шешім қабылдау кезінде қолдану өте ыңғайлы.  Яғни күнтізбеге туған күніңіз туралы еске салу белгісін қосып қойыңыз және қаржылық мақсатыңызды анықтаңыз.

3. Жиі жасалатын шағын шығындарды бақылаңыз

Зерттеулер көрсеткендей, адамдар көбінесе тіске басар мен сыртта жеген түскі асқа жұмсайтын ақшасына көп өкінетін көрінеді. Мұндай кішігірім шығындар жинақталып материалдық шығындарға әкеледі және үнемдеуге кедергі келтіреді. Осы шағын шығындарды бақылауға алу арқылы сіз жағдайды түбегейлі өзгерте аласыз.

Венди мұны өз мысалымен көрсетеді. Нью-Йоркте тұрғанда, ол райдшерингке* 2000 доллардан астам ақша жұмсайтын, ал бұл пәтер жалдаудан да көп еді. Ол өзіне үнемдеймін деп уәде берtді, бірақ мінез-құлқын өзгертпейінше осы соманы жұмсай берді.

Ол несие картасындағы райдшеринг қосымшасына  айына 300 доллар шектеу қоzды. Шектеу, яғни лимит аяқталған кезде, Венди жаңа картаны байланыстыру процедурасынан өтуі қажет еді және бұл оны артық ақша жұмсаудан қорғайды.

Сіз де жиі қайталанатын шығындар үшін де осылай жасай аласыз – қолайлы бюджетті белгілейсіз және одан асып кеткеннен кейін төлем жасау жолын қиындатасыз. Лимитті есептемеңіз, оның орнына шығын көлемін шектеңіз. Мысалы, Венди өзіне аптасына үш рет көлікпен жүруге рұқсат берді.

Егер сізді осы тақырып қызықтырса, TED видеосының түпнұсқасын көріңіз.

*Райдшеринг – онлайн-сервистің көмегімен жолсерік тауып жеке автомобильді бөлісіп қолдану.

656
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *