Мобильді телефонда сурет түсіру

Мобильді телефонда сурет түсіру өте кең тараған. Тіпті түрлі байқаулар мен конкурстар өткізіледі. Мобильді телефонда сурет түсіру арқылы жеңімпаз болып, адамдарды таң қалдыратын керемет фотолар жасай аласыздар. Ол үшін мына кеңестерге құлақ асып, мән беріңіз:

  • Камераның таза болуы. Әрқашан суретке түсірер алдында камераны сүртіп отыруды әдетке айналдыру керек.
  • Жарықтандыру. Жарықтың жақсы және дұрыс түскенін қадағалаңыз. Күндізгі жарықты (далада/терезе алдында), шеңбер түріндегі лампаны қолданып суретіңіздің ерекше болуына әсер ете аласыз.
  • Жарыққа (күн сәулесіне, жанып тұрған лампаға) қарсы тұрып, сурет түсірмеңіз!
  • Көкжиек. Суретті түзу түсіру үшін телефонның камерасында бар торды қолданыңыз. Ол заттарды да суретке түсіргенде көкжиекті түзу ұстауға көмектеседі.
  • Ракурс. Суретке түсірілетін объекттің ортасын ұстаныңыз. Телефонның камерасы суретті шеттеріне қарай созатынын есте сақтаңыз
  • Үлкейту/кішірейту. Үлкейту керек заттарды камераға жақындатамыз, кішірейтетін заттарды камерадан алыстау қоямыз
  • Портрет. Селфи немесе портретті түсіру үшін камераны көздің деңгейінде ұстау қажет, сонда бет өз пропорциясын сақтайды
  • Денені тұтас түсіру. Дене пропорциясын сақтау үшін камераны белдің деңгейінде ұстау қажет. Адамның бойын визуалды ұзарту үшін төмен жақтан суретке түсіру керек.
  • Кадр. Суретке түсірілетін объекттің айналасындағы кеңістікті барынша кең қамтуға тырысыңыз. Қажет болғанда кадрді кесуге немесе көріністі өзгертуге орын болады.
  • Дене қалпы. Қалпыңыз жеңіл және еркін болуы керек. Бір қарағанда кездейсоқ жасалған кадрдай болып көрінуі керек
  • Сурет түсіру орны. Сурет түсіретін орынды таңдағанда ол жерде адамдар мен керек емес заттардың барынша аз болғанын қадағалаңыз.
982
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *