» Біз Wikimania 2013 конференциясында болғанда » деген шығарма жазуға болатын болар.

2013 жылдың 9-11 тамызында Гонконгте, Гонконг Политехникалық университетінде өткен “Wikimania 2013” халықаралық конференциясына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 33 оқушысы мен 12 мұғалімі қатысып келді. Конференция барысында қазақстандық делегация өздеріне ұнаған сессияларға қатысып, басқа елдерден келген қатысушылармен танысып, өз ойларымен бөлісіп, көп әсер алып қайтты.

Тағы бір айта кететін жәйт конференция барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдер Уикипедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлспен кездесіп өз сұрақтарын қойды. Сұрақтардың ішінде «Балаларға арналған уикипедия ашуға бола ма?» «Қазақстанда Уикимания конференциясын өткізуге қалай қарайсыз?», «Уикипедияда ең бірінші мақала қай мақала болғаны есіңізде ме?» т.с.с. болды.

Бұл конференция көпке дейін есте қалатын конференция болды.

387
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *