«Бұдан да жақсы болғыңыз келе ме?» деген сұрақты студенттеріңізге қойып көріңіз. Осы сұрақтың төңірегінде біраз әңгімелесіңіз. Жалпы адамның мінез-құлқының, дағдыларының қалыптасуына көп нәрсе әсер етеді. Өзін-өзі басқаруға, тәрбиелеуге, уақытын тиімді пайдалануға байланысты кеңестер көп, солардың ішінен 30 таңдап алып, жұмыс істеп көрейік.

Егер сіз осы кеңестердің барлығын немесе басым көпшілігін орындасаңыз, оны дағдыға айналдырсаңыз көп нәрсеге қол жеткізетініңіз сөзсіз. Ең бастысы адам ретінде өзіңіздің жаңа қырларыңызды ашып дами түсетініңіз сөзсіз.

Тапсырма: Берілгендердің ішінде өзіңіз істейтін нәрселерді белгілеп шығыңыз. Өз тарапыңыздан қандай кеңестер берер едіңіз. «Маған қажет дағдылар» деген жазба жазыңыз.

Сізге қажет 30 дағды:

1. Күніне жаңа 5 сөз үйреніңіз (шет тілінің сөздері де болуы мүмкін).
2. Күнде бөлмеңізді жинаңыз, керек емес нәрселерді лақтырып тастаңыз.
3. Бетіңізді қайнатылып мұз болып қатырылған түймедақтың тұнбасымен сүртіңіз.
4. Фаст-фудтан бас тартыңыз.
5. Күнде таңертең жаттығу жасаңыз.
6. Күнде бір уақытта ұйқыға жатып, бір уақытта оянуға тырысыңыз.
7. Таңертеңгілік, түскі және кешкі асты да бір уақытта ішуге тырысыңыз. Сіздің ағзаңыз осы үшін сізге тек қана рахмет айтады.
8. Кем дегенде 8 сағат ұйықтаңыз.
9. Ақшаңызды үнемдеңіз.
10. Тек қана жақсылық туралы ойлаңыз — барлығы жүзеге асады!
11. Ұйықтар алдында бір кесе айран ішіңіз.
12. Аяғыңызды мұздай сумен шайыңыз — бұл да шынығудың бір түрі.
13. Интернетте күніне бір сағаттан артық отырмаңыз.
14. Жаздағы әр күніңізді суретке түсіріңіз.
15. Жүгіре бастаңыз.
16. Хулахуп (белде айналдыратын шеңбер) сатып алып күніне 15 минут айналдырыңыз.
17. Күліп жүріңіз.
18. Жаман сөздер мен паразит сөздерден арылыңыз. Бір сөзбен айтқанда сөйлеген сөзіңізді бақылаңыз.
19. Күн сайын бір жақсы іс тындырыңыз. Жақсылық жасаңыз.
20. Әдемі, сізді жігерлендіретін өлеңдер жаттаңыз.
21. Тік жүріңіз, сымбатыңызға қараңыз.
22. Қандай да бір жаман қылықтардан бас тартыңыз.
23. Жағымды әуенді қосып қойыңыз, тыңдаңыз, басқа ешнәрсе туралы ойламаңыз.
24. Күн сайын жаңа бірнәрсені білуге тырысыңыз.
25. Оқыңыз. Күніне кем дегенде 10-15 бет оқыңыз.
26. Ата-анаңызға күнде кем дегенде бір сағат уақытыңызды бөліңіз.
27. Адамдарға жағымды және мақтау сөздер айтыңыз.
28. Күнде 1.5 л. су ішіңіз.
29. Күнде көкөністер мен жеміс-жидектер жеуге тырысыңыз.
30. Жетістіктеріңізді күнделікке жазып отырыңыз.

149
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *