Сіздердің назарларыңызға Иманғалиева Базарханның лекциясын ұсынып отырмыз. Әріптесіміз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жұмыс істейді, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Аналитикалық химия. Иманғалиева Базархан, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе, Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ, 2014 жыл

Сонымен бірге әріптесіміздің оқулықтарын Қазақстанның ашық кітапханасынан  оқи аласыздар.

Ол жерде  Өндірістік мазмұндағы есептерді шығару оқулығы ұсынылған.

Әріптесімізге шығармашылық табыс және сәттілік тілейміз.

 

602
Share

От bilimpaz

8 комментариев для “Видео дәріс: Аналитикалық химия”
  1. Еңбегіңізге шығармашылық табыстар тілеймін! Әркез биіктерден көріне беріңіз!

  2. Құрметті Базархан Сағынайқызы Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады.
    Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.
    «Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.
    Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол – шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл — айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер – ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады.
    Ұстаздар – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

  3. Оқытушылар мен студенттер үшін бағалы еңбек. Осы үлгіде аналитикалық химиядан зертханалық сабақтарды да салсаңыз тамаша болар еді. Еңбегіңіз жемісті бола берсін!!!!

  4. Сабақта электронды оқулық қолданғаны тиімді болды, студенттер сабаққа белсене қатысып, жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Оқытушы сабақ барысында интербелсенді әдістер мен кредиттік, модульдік технологияларды ұтымды ұштастыра білді. Дәріс өз мақсатына жетті.

  5. Дәл осындай биіктерден көрініп, қазіргі жастарға сапалы білім бере отырып, үлгі болып жүре беріңіз!

  6. Дәріс әдістемелік тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған. Электронды оқулық, интербелсенді әдістер және кредиттік, модульдік технологиялар қолданылған. Студенттер сабаққа белсене араласып отыр. Дәріс smart-мақсатына жетті деп ойлаймыз.

  7. Cабақ әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Интербелсенді әдіс-тәсілдер мен модульдік технологиялар тиімді қолданылған.
    Сізге ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыз бен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы ісіңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *